2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Семей қалалық мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 19-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 31 қазанында N 5-2-13 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 8/71-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008.06.20 N 8/71-IV шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22-бабы 1-тармағы 203-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабының 1-тармағы негізінде, сондай-ақ көркейту, жасыл желектерді ұстау және қорғау, тазалықты қолдау тәртібін айқындау мақсатында, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту ережесін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 8-тараудың 69-тармағы мына редакцияда жазылсын: "жасыл желектерді көшіріп қайта отырғызу немесе шабу мүмкіндігін комиссия анықтайды. Жоюға мәжбүр болған жасыл желектерді бағалауды, жұмыстың осы түріне лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға жүргізеді".
      2. Жасыл желектерді шабудан түскен қаражат жергілікті бюджетке 206109 - "Жергілікті бюджетке салықтан басқа түсімдер" кодына түсуі қажет.
      3. Осы шешімнің атқарылуын бақылау өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Е. Д. Сұлтанов) жүктелсін.
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады