Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 90 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4205. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 90 бұйрығы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4205 болып тіркелді,»Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 26 мамырда N 97-98 (901) жарияланды).
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару тәртібін жетiлдiру үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару  Ережелері  бекітілсін.
      2. Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және заң жұмысы басқармасы (Г.К.Кәкімова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының орынбасарына (Н.Е.Оспановқа)жүктелсін.
      4. "Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 ақпандағы N 32  бұйрығының  күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 наурызда N 3500 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 30 наурыз N 26 (650) жарияланған).
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданылуға енгізіледі

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қаржылық бақылау
және мемлекеттік сатып алу 
комитеті Төрағасының    
2006 жылғы 24 наурыздағы N 90 
бұйрығымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай
қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және
қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді
Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару
Ережелері

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134  қаулысына  сәйкес әзірленген.

      2. Ережелер мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарналарының) елу және елуден артық пайызы немесе акциялық бақылау пакеті мемлекеттің меншігінде болатын заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың (бұдан әрі - субъектілер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге (бұдан әрі - Мемлекеттік реестр) енгізу және шығару тәртібін белгілейді.

      3. Мемлекеттік реестр субъектілер туралы ақпараты бар мемлекеттік ақпараттық қор болып табылады.

  2. Субъектілерді Мемлекеттік реестрге
енгізу және шығару тәртібі

      4. Мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңға және Ережелерге сәйкес субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы шешімді қабылдайды.

      5. Мемлекеттік реестрге енгізу үшін  Ережелерге   қосымшаға  сәйкес формамен жазылған, бірінші басқарушының (немесе оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылған, субъектінің мөрімен куәландырылған, енгізудің негіздемелерін растайтын құжаттарды қосып Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) субъект уәкілетті органға ұсынады.
      1) әділет органдарында заңды тұлғаның (субъектінің) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілері куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері:
      субъектінің;
      субъектінің бірінші басшысының;
      субъектінің акцияларының (жарналарының) бір және бірден артық пайызы меншігінде болатын құрылтайшыларының, акционерлерінің (қатысушыларының);
      3) субъектінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4)акционерлік қоғамы болып табылатын субъект өтінішті берген жағдайда уәкілетті орган өтінішті алған күніне алдын ала 30 күнтізбелік күн кешiктiрмей берілген акция ұстаушылардың тізілімінен түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) бірінші басшысының міндетін атқаруды жүктеу туралы актінің көшірмесі немесе өтінішке бірінші басшысының орнындағы тұлғаның қол қойылған жағдайда бірінші басшысының орнындағы тұлғаға құжаттарға субъект атынан қол қоюға өкілеттік беретін басқа құжаттың көшірмелері.

      6. Субъекті осы Ережелер қолданысқа енгізілгеннен кейін 30 (отыз) күні аралығында, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға субъектілердің міндеті пайда болса - 30 (отыз) күні аралығында осындай міндеттеме туғаннан кейін уәкілетті органға өтінішті ұсынады.

      7. Мемлекеттік реестрден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
      1) егер субъект жойылса;
      2) егер субъект Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетін жоғалтса.

      8. Мемлекеттік реестрден шығу үшін субъект Ережелердің  7-тармағында  көзделген жағдайы келуінен кейін 10 (он) күн аралығында уәкілетті органға бірінші басқарушының (оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылған аталған жағдайының пайда болғаның растайтын құжаттардың көшірмелері қосылған өтінішті ұсынады.

      9. Уәкілетті орган он күндік мерзім ішінде уәкілетті органның WEB-сайтында субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы ақпаратты орналастырады.

      10. Мемлекеттік реестрге өзгерістер мен толықтырулар автоматты түрде, субъекті өтініште ұсынған және мемлекеттік ақпараттық қорлары мен ақпараттық жүйелерінде мазмұндалған ақпарат жаңарту арқылы жүргiзiледi.

                                       Қазақстан Республикасының
                                      мемлекеттік сатып алу туралы
                                    заңнамасына сәйкес қарамағындағы
                                     ақшалай қаражаттардың есебінен
                                         тауарлар, жұмыстар және
                                    қызметтерді сатып алуға міндетті
                                        субъектілерді Мемлекеттік
                                       реестрге енгізу және шығару
                                            Ережелеріне қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы
ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар,
жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті
субъектілердің Мемлекеттік реестрге
енгізу үшін өтініші

      Осымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілердің Мемлекеттік реестріне енгізуді cұраймын
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
(мемлекеттік және орыс тілдерінде субъекттің толық  атауы)      

Субъект туралы ақпарат

Субъектінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)

 _  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|

Субъектінің статистика органдарымен берілген кәсіпорындар мен ұйымдарды жалпы мемлекеттік жіктеушінің коды (КҰЖЖ) 

 _  _  _  _  _  _  _  _ |_||_||_||_||_||_||_||_|

Ұйымдық-құқықтық форма (нұсқалардың біреуін белгілеу керек)

 _
|_| - акционерлік қоғамы,
 _
|_| - мемлекеттік қазыналық    кәсіпорын,
 _
|_| -шаруашылық қызметі құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын,
 _
|_| - мемлекеттік мекеме,
 _
|_| - мемлекеттік қор,
 _
|_| - жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
 _
|_| - басқа формасы:_____________

Субъектінің толық заңды мекен-жайы

  

Субъектінің телефон нөмірі

  

Субъектінің факс нөмірі

  

Субъектінің электрондық пошта мекен-жайы

  

Әділет органдарында субъектінің мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы мәліметтер

Субъектінің тіркеу нөмірі (қайта тіркеу нөмірі)

  

Субъектінің тіркеу (қайта тіркеу) күні

  

Субъектінің бірінші басшысы туралы мәліметтер

Субъектінің бірінші басшысының тегін, аты-жөнін толық көрсету

______________________________
          (тегі)
______________________________
          (аты)
______________________________
          (жөні)

Субъектінің бірінші басшысының салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)

 _  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|

Субъектінің құрылтайшылары, акционерлер
(қатысушылар) құрамы туралы мәліметтер

Субъектінің акцияларының (жарналарының) бір және бірден артық пайызы меншігінде болатын заңды тұлғалар

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін заңды тұлғаның толық атауы

  

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін заңды тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (егер жеке тұлға салық төлеуші ретінде тіркелмеген болса және Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, оның салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі қосылады)

 _  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін заңды тұлғаның жарғылық капиталының үлесі (акцияларының саны)

___________________________
         (пайызында)

Субъектінің акцияларының (жарналарының) бір және бірден артық пайызы меншігінде болатын жеке тұлғалар

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін жеке тұлғаның тегін, аты-жөнін толық көрсету

  

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін жеке тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (егер жеке тұлға салық төлеуші ретінде тіркелмеген болса және Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, оның салық есебінде тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі қосылады)

 _  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|

Субъектінің құрылтайшылар, акционерлер (қатысушылар) құрамына кіретін жеке тұлғаның жарғылық капиталының үлесі (акцияларының саны)

___________________________
        (пайызында)

      Осымен жоғарыда аталған ақпарат уәкілетті органмен тексерілуіне келісемін.
      Осы өтініште _________________________________________________
                                (тапсырысшының атауы)
туралы ұсынған және мемлекеттік ақпараттық қорлары мен ақпараттық жүйелерінде мазмұндалған ақпаратты жаңартуға қарсылықты білдірмеймін.
      Осы өтініштегі ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына кепілдімін.

      ___________________________                 __________________
         (бірінші басшысының                           (қолы)
          немесе оның орнындағы
          тұлғаның тегі, а.ж.)
          М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады