Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 шілдеде № 3550 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 31.10.2022 № 480 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "спорт жарыстарына" сөздерінен кейін "және спорттық-бал билеріне" сөздерімен толықтырылсын - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.12.29 № 575 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының екінші абзацы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.02.2014 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес арнаулы жүріп-түру құралдарымен қамтамасыз етілетін және спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектер үшін тегін спорттық кресло-арбалар және биге арналған кресло-арбалар (бұдан әрі- кресло-арбалар) беру түрінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.12.29 № 575 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектерді облыстың бюджет қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етсін;

      2) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 11.02.2014 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) спорт жарыстарына және спорттық-бал билеріне қатысатын мүгедектерге кресло-арбаларды беруді кезек тәртібімен және облыстың бюджет бөлген қаражат шегінде жүргізсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.12.29 № 575; 11.02.2014 № 32 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-1. Кресло-арбаларды алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндіні;

      3) жұмыс беруші–жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң–жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

      Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 11.02.2014 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қаулының орындалуын бақылау облысы әкiмiнiң орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсiн.

Облыс әкiмiнің міндетін атқарушы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады