Облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 шілдедегі N 232 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 166 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 10 шілдеде N 2466 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 27.03.2009 № 62 қаулысымен
      Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N    149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
       1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 шілдедегі N 232 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесінде:
      12-тармақтағы "Қоғамдық жұмыстар" деген сөздер "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 60 "Облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 шілдедегі N 232 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары 
Қ. Қайненовке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады