Шымкент каласының жеке кұрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 353/334-3с шешімі және Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 371 шешімі. Шымкент қаласының әділет басқармасында 2007 жылы 16 қаңтарда N 14-1-48 тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  13 бабы 4 тармағына , Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Шымкент қаласындағы ауыл округтерін, поселкелер мен ауылдарды тарату туралы" бірлескен шешіміне сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1.Еңбекші аудандағы шартты атауы "Чапаевка поселкесі" деп аталатын тұрғын жай аумағы - Оңтүстік шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Тельман, Куйбышев,Ленин ауылдары мен Самал 3 шағынауданының аумақтары - Қатын көпір шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Наурыз поселкесінін аумағы - 
"Қазығурт" шағынауданы;
      - Абай ауданындағы Қайтпас-2 ауылының аумағы - "Ақжайык" шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Қызыл жар ауылының аумағы - Қызыл жар шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Жиделі ауылының аумағы - Жиделі шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Ынтымақ ауылының - Ынтымақ шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Ақтас ауылының аумағы - Ақтас шағынауданы;
      - Әл-Фараби ауданындағы Қайтпас -1 ауылының аумағы - Қайтпас шағынауданы;
      - Әл-Фараби ауданындағы Бозарық ауылының аумағы - Бозарық шағынауданы;
      - Абай ауданындағы бұрынғы Тұрлан поселкесінің аумағы - Тұрлан шағынауданы деп аталсын.

      2.Абай ауданының Қатынкөпір ауылының атауы жоқ көшесіне Сағынбек Юсуповтың;
      Абай ауданының Қызыл Жар ауылының атауы жоқ көшесіне Кәтип Нәбиевтің есімдері берілсін.

      3.Абай ауданындағы Тверь көшесінің атауы өзгертіліп, көшеге Дәуренбек Құрманбековтың есімі берілсін.                

       Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы

      Шымкент қаласының
      әкімі

      Қалалық мәслихат
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады