Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 23 желтоқсанда N 2981 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 23-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 23-13 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2006 жылғы 11 желтоқсандағы
N 33-8 шешімімен
бекітілген қосымша

Облыстың шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
Тәртібі

      Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен, жүргізіледі.
      Балаларды тасымалдау мынандай жағдайда ұйымдастырылады егер:
      aвтомобиль жолдарының өткізу қабілеті автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;
      автомобиль жолдарының жай-күйі және олардың жайластырылуы жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болған жағдайда.

1. Тасымалдаушыға және автокөлік құралдарына
тасымал кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөнінде қойылатын талаптар

      1. Балаларды тасымалдауға мынандай тасымалдаушылар жіберіледі:
      1) автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес біліктілігі және кәсіби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;
      2) тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқықтық нормативтік актілер талаптарына сай келетін және тиісті тасымалдау түріне жарамды көлік құралдары бар.
      2. Балаларды автобуспен тасымалдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар жүргізушілер жіберіледі.
      З. Автобустарда жүк бөлімінен тыс жерлерде, жүк тасымалдауға тиым салынады.
      4. Автомобиль көлігін пайдалану тасымалдаушының міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершілікті орындаған жағдайда жүргізіледі. Сондай-ақ міндетті сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлікті пайдалану барысында, олардың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне залал келтірмеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері де жатады.

2. Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      Балаларды автомобиль көлігімен тасымалдауға Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, техникалық байқаудан өткен автомобиль көліктері жіберіледі. Сондай-ақ автобустардың, конструкциясы мен техникалық жағдайы тиісті талаптарға сай болуы қажет. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустар мынандай құралдармен жабдықталынуы қажет:
      қажетті медициналық дәрі-дәрмектері және медициналық құралдары бар, медициналық, (автокөліктік) аптечкалармен;
      автокөліктер ылди жолда тоқтаған кезде өздігінен жүріп кетуден сақтайтын орнықтырғыш құралдармен (башмактармен);
      авариялық тоқтау белгісімен;
      өрт сөндірудің түзету құралдарымен;
      автобустардың салонында жол көлігі уақиғасы болған жағдайда, жедел авариялық люктерді, есіктерді, терезелердің әйнектерін алу жөніндегі ақпараттық нұсқаулармен;
      жолаушылардың автобустың есігінен шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда, әйнектерді сындыратын балғалармен.
      Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:
      кедергісіз ашылып жабылатын жолаушылар салонның есігі және авариялық люктер;
      есіктерде өткір, кесетін немесе бөлек шығып тұратын заттардың болмауы;
      жабық тұрған жағдайда жолаушылар салонға және жүргізуші отыратын кабинаға атмосфералық жауынның кіруін болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер болуы;
      мықты бекітілген тұтқалар мен отырғыштар;
      арқалықтары таза және бүтін қаптармен қапталған жолаушылар отыратын отырғыштар, салонның едені, аяқ баспалдақтары тегіс және бөлек шығып тұратын немесе бекітілмеген заттардың болмауы. Салонның едені тегіс және тұтас материалдан болуы тиіс;
      шаңнан, ластан, бояудан және басқа да көріністі кемітетін заттардан тазартылған таза терезелер. Әрбір терезе көздері жарнамалық және ақпараттық нұсқаулармен 30 % көлемнен артық жабылмауы тиіс;
      қыс айларында жылытылып, жаздың ыстық айларында желдетілетін, құрал сайман және қосалқы бөлшектермен бөгелмеген жолаушылар салоны.
      Ластануына қарай жолаушылар мен жүкті үнемі тасымалдайтын автобустар бір кезекте кемінде екі рет дымқылдатылып жиналады.
      Сыртқы қорабы жұмыс аяқталғаннан кейін жуылады.
      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдыңғы және артқы жағында "Балалар тасымалы" деген белгі. Жазу қара түспен жазылып (шрифтың биіктігі 120 мм) тік бұрышты рамада орнатылуы қажет, және сары түсті шұғылалы шырақшамен жабдықталуы тиіс.

3. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын
тасымалдаушылардың міндеттері

      Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007.07.05 N 40-20 Шешімімен.

4. Балаларды тасымалдау тәртібі

      6. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалдау Ережесіне сәйкес кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылады.
      7. Балалар тасымалдауын ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті аудандық атқарушы органдар мен мектеп басшылығы бірлесіп маршруттары балалардың мініп түсуіне оңтайлы орындарды белгілейді.
      8. Балалардың автомобиль жүретін жол бойына шығып кетпеуін болдырмау үшін автобустарды күтетін алаңдар барынша үлкен болуы тиіс. Алаңдар жолаушылар мен жүк таситын автомобиль аялдамаларынан бөлек жерде орналасуы қажет.
      9. Балалар тасымалын ұйымдастырушы үнемі (айына 1 реттен кем емес) балалардың автобусқа мініп түсетін орындарының жағдайын қарайды. Балаларды қараңғы уақытта тасымалдаған жағдайда алаңдар жасанды жарықтандырғыш қондырғылармен жабдықталуы тиіс. Күз-қыс айларында алаң балшықтан, қардан, мұздан тазартылуы қажет. Түнгі уақытта (кешкі 22-ден таңғы сағат 6 дейін) тұманда, көктайғақта және басқада қолайсыз жағдайларда балаларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады