"Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/48 бұйрығына өзгерту мен толықтыруды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 4 қаңтардағы N 02-01-02/01 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4533 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/48  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімі мемлекеттік тізбесінде N 4152 болып тіркелген, 2006 жылдың 11 сәуіріндегі N 79 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыруды енгізу:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервінде тұрған тұлғалар тағылымдамасының ережесінде:
      5-тармақтағы "бір айдан үш айға дейін" деген сөздерді "бір ай" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "Президент Әкімшілігінің Басшысымен" деген сөздерден кейін "немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарымен" деген сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады