Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 24 сәуірде N 8-4-70 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 201/29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010.09.13 N 201/29 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидалары бекітілсін (қосымша).
      2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 7 маусымдағы N 168/31 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі - 8-4-44, "Приозерский Вестник" газетінің 2006 жылғы 14 шілдедегі N 15 (62) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            С. Карыспаева

      Мәслихаттың хатшысы                        Е. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімінің орынбасары
      ____________Қазиева Б.А.
      30 наурыз 2007 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы
      ________Карсыбекова Р.У.
      30 наурыз 2007 жыл

      Қаржы бөлімінің басшысы
      ________Қошқаралиев Қ.Қ.
      30 наурыз 2007 жыл

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 3 сәуірдегі
N 231/38 шешімімен
бекітілген

Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үйді ұстауға "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы берудің Қағидалары

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін айқындайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық саланың даму Бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысымен.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуі бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
      2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстықтан, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
      3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар;
      7) тұрғын үйді ұстау шығындары – үйді ұстауға, ағымдағы және күрделі жөндеулерге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажетті төлемдер сомасы.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін есепке ала отырып, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 11 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2008.04.08 N 36/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      қатты отын:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 9 тонна көмірден артық болмауы тиіс. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады;
      отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, артық болмауы тиіс:
      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару нысанына байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      4. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
      5. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне сомасы жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіпте тұрғын үй жәрдемақысы механизмі арқылы өтемақы белгіленеді.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі

      6. Тұрғын үй жәрдемақылар уәкілетті органмен осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
      7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ төрт және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ тоғыз жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
      9. Дау-жанжал немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оған сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      11. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз нысаны – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең соммасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беруде қызмет көрсетушілердің есеп–шоттарына жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтініші бойынша аударылуы қарастырылған.
      Қолма-қол нысаны ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу нысанын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері

      13. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап алты айға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      14. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар он бес күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
      Өтемақының артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған сомаларды өз еркімен қайтарады, бас тартан жағдайда сот арқылы өндіреді.
      15. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі.

      17. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға және халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен өтінеді
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың көшірмесі, жалғызілікті алпыс бес жастан асқан адамдарды қоспағанда (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік және басқалар);
      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
      7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
      8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет (жұмыс, оқу, қызмет орындарынан анықтама және басқалар);
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      18. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      19. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      20. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      21. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
      22. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      Ескерту. 22 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      23. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) уәкiлеттi орган есептейдi.
      24. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды.).
      25. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      26. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыттағы барлық табысы отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      27. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
      28. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      29. Орташа айлық жиынтық табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен белгіленеді.
      30. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      31. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) бюджеттік қаражат бойынша бір жолғы көрсетілетін, мерекелік және мерейтойлық күндерге орай, материалдық көмек;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай түрінде көрсетілетін көмек түрлері:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды (мектептер) тегiн тамақтандыру.
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      14) бағаның көтерілуіне байланысты негізгі азық-түлікке әлеуметтік қосымша төлемақы.
      Ескерту. 31 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2009.09.30 N 130/21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      32. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай осы Қағиданың 31-тармағында көрсетiлгендерден басқа, мынадай түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы. Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Қағиданың 31-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      33. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      34. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
      35. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыс есепке алынады:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен.
      36. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      37. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      38. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      39. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      40. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      41. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi (сот орындаушысынан анықтама берілген жағдайда).
      42. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      43. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
      44. Жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі, егер төлеуші:
      бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында болса (түзету мекемесінің алименттер аудармағаны туралы анықтамасын ұсынған жағдайда);
      туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдеу-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен жағдайда;
      құзыреттi органның анықтамасымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда.
      45. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша үш айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
      46. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде гүл өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      47. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан алынған табыс өтiнiш берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерi негiзiнде есептеледi.
      48. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 1, 2, 3, қосымшалардың негiзiнде есептейдi. Табиғат жағдайы бойынша Қарағанды облысының Приозерск қаласы шөлейтті аймаққа жатады.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      49. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      50. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      51. Осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      52. Осы Қағиданың 50-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      53. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
      54. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      55. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      56. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      57. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын
үйді ұстауға "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру
басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін
есепке ала отырып, коммуналдық қызмет көрсету
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық
телекоммуникация желілерінің абоненттеріне
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы беру Қағидаларына
1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-баған. х 4-баған.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған – 3 баған.)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi (жасыл салмағы)






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)






Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)






Жидек дақылдары






Жүзім






      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлік килограмм

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-баған. x 4 баған.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған. – 3 баған.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер ет/жүн






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Аз қамтылған азаматтарға тұрғын
үйді ұстауға, коммуналдық қызмет
көрсету тұрғын үй жәрдемақыларды
беру және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы беру Қағидаларына
2 қосымша

Азық–түліктік пайдаланатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын
үйді ұстауға "Тұрғын үй-коммуналдық қайта құру
басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
балансындағы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін
есепке ала отырып, коммуналдық қызмет көрсету
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық
телекоммуникация желілерінің абоненттеріне
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы беру Қағидаларына
3 қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2007.07.12 N 273/42 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _____________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы ___________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





      200__ ж. "__"_________ ________________________________
                                (өтiнiш берушiнiң қолы)
      _______________________________________________________________
                 (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады