Облыс әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 182 "Aтырау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 15 қазандағы N 226 қаулысыі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 3 қарашада N 2499 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 63 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.03.04 N 63 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 27 қаңтардағы N 148
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27
қаңтардағы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"
Заңының 41-3 бабының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 "Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін бекіту
туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы N 182 "Атырау
облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді немесе
бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды
әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (Атырау облысы Әділет
департаментінде 24.06.2005 ж. N 2435 тіркелген, 14.07.2005 ж. N 83
"Прикаспийская коммуна", 19.07.2005 ж. N 85 "Атырау" газеттерінде
жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар
енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауды, өндіруді немесе бірлескен барлауды және
өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған
конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі
нұсқаулықта:
      4-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      4) өтініш беруші-заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларының
немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін
акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар
туралы мәліметтер.
      6-тармақтың 8-тармақшасындағы "мемлекеттік және (немесе)
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін" деген сөздер алынып
тасталсын;
      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасында:
      2 бағандағы 4-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "Өтініш беруші заңды-тұлғаның басшылары мен қатысушыларының
немесе акционерлерінің жарғылық капиталдағы (дауыс беретін
акциялары жалпы санынан) үлестерінің мөлшерін көрсете отырып, олар
туралы мәліметтер".
      Нұсқаулықтың:
      6-қосымшасының 7-жолындағы, 7-қосымшасының 10-жолындағы,
8-қосымшасының 11-жолындағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық
стандарттарға сәйкес келетін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 30 мамырдағы 144 "Облыс
әкімиятының 2005 жылғы 1 маусымдағы 182 "Атырау облысында кең
таралған пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді немесе бірлескен
барлауды және өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын
алуға арналған конкурсқа қатысу және конкурстық ұсыныстарды әзірлеу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ж.Ә. Әкімжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады