Ақбұлақ ауылдық округіне қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1596 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 қаңтарда N 5-2-76 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 1185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2008.10.24 N 1185 қаулысымен.
      
      Семей қаласының ветеринарлық бас инспекторының 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 889 ұсынысына байланысты және 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 9 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталғандықтан Ақбұлақ ауылдық округіне шектеу қойылсын.
      2. Ақбұлақ ауылдық округіндегі бруцеллез ауруының алдын алу және жою туралы қоса беріліп отырған іс-шаралар бекітілсін.
      3. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж.Мүсәпірбековке жүктелсін.
      4. Әкімдіктің осы қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                      М. Айнабеков

      Қала әкімдігінің
      2007 жылғы 21 желтоқсандағы
      № 1596 қаулысымен бекітілген

      Ақбұлақ ауылдық округіндегі бруцеллез ауруының
      алдын-алу және жою жөніндегі іс-шаралар

№ п/п

Іс-шаралардың аталуы

Мерзімдері

Жауаптылар

1.

Ақбұлақ ауылдық округіндегі барлық малдардың түрі есепке алынсын

Үнемі.

Ауылдық округ әкімі

2.

Ақбұлақ ауылдық округіне уақтылы ветеринарлық - санитарлық шараларды жүргізу

Үнемі.

Ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы

3.

Ақбұлақ ауылдық округіне басқа жақтан малдарды әкеліп қосуға және әкетуге жол бермеу

Үнемі.

Ауылдық округ әкімі

4.

Ақбұлақ ауылдық округіне бруцеллез ауруымен ауырған малдар жайылған жайылымдардан дайындалған мал азығын үш ай уақыт сақталғаннан кейін ғана пайдалану

Үнемі.

Ауылдық округ әкімі

5.

Қой-ешкі малдарының сүтін саууға тыйым салу

Үнемі.

Ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК, Семей қалалық аумақтық инспекциясы

6.

Бруцеллезге оң нәтиже берген аулалардағы қой-ешкі малдарынан 15-20 күн сайын қан алынып серологиялық жолмен (РА, РСК, РДСК, РБП) бруцеллез ауруына тексеру.

Толық сауыққанша

ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы

7.

Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды басқа малдардан бөлек 5 тәуліктен артық ұстамау, 2003 жылдың 28 сәуірінде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ветеринария саласында нормалық құқықтық актілерді бекіту туралы" № 407 қаулысы бойынша ауру малдар жойылғаннан кейін мал иелеріне келген шығынның орнын толтыру.

Сауықтыру уақыты кезінде

ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК "Республикалық індетке қарсы жасақ"

8.

Әрбір бруцеллез ауруына шалдығып жойылған қой-ешкі малдарының тұрған орындары мұқият тазаланып, дезинфекция жасалануы керек. Дезинфекцияның дұрыс жасалғанының қорытындысын тексеру үшін ветеринарлық зерітханаға сараптама жасауға сынама (проб) іріктеп алып, оны жіберу.

Сауықтыру уақыты кезінде

ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы

9.

Жасы 16-ға толмаған жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді төл алу науқанына қатаң түрде қатыстырмау керек.

Төл алу науқанында

ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы

10.

Ақбұлақ ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан соңғы екі жолғы қанның серологиялық тексерісінде теріс нәтиже бергенше тексеріп, соңынан мал қораларына толық дезинфекция жүргізу.

Толық сауыққанша

ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы

11.

Ақбүлақ ауылдық округінің тұрғындары медициналық дәрігердің қадағалауында болуын және адамдардың жеке басының санитарлық зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтауларын, малдарды күтуде арнаулы киімдерді пайдалануын қадағалау.

Үнемі.

ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы

12.

Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарына малдан жұғатын бруцеллез ауруының алдын алу және одан сақтану туралы насихат жұмыстарын жүргізу

Үнемі.

ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы

13.

Ақбұлақ ауылдық округінің қой-ешкі малдарын бруцеллез ауруынан сауыққанша, 3 ай уақытқа бақылауға қойылып 1-1,5 ай сайын серологиялық әдіспен 2 рет тексеруден өткізу.


ҚР АШМ АӨК МИК Семей қалалық аумақтық инспекциясы

      
      Қала әкімінің
      аппаратының басшысы                             Е. Майкенов
      
      ШҚО МСЭҚД - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті.
      ҚР АШМ АӨК МИК ҚР - ауыл шаруашылығы минитрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті.
      РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады