Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N А-7/1075 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 8 тамызда N 1-1-86 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тарауының негізінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1 бабының 2 тарауының 3 тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) (2008 жылы 21 ақпанда N 9 "Көкшетау" және N 9 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-77 болып тіркелген Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N А-2/289 "Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы", 2008 жылы 3 сәуірде N 15 "Көкшетау" және N 15 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-79 болып тіркелген Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 "Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларымен өзгерістер енгізілген 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Көкшетау" және N 5 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-73 болып тіркелген)  Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы  N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысында:

      9 тараудағы "сол кезден" сөздері "күннен" сөздерімен ауыстырылсын.

      Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының қосымшасындағы "10515" саны "12025" санымен ауыстырылсын.

      2) (2008 жылы 3 сәуірде N 15 "Көкшетау" және N 15 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-79 болып тіркелген Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 "Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер енгізілген 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Көкшетау" және N 5 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-75 болып тіркелген) Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/18 "Нысаналы топтардың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысында:

      8 тараудағы "сол кезден" сөзі "күннен" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Көкшетау қаласы әділет басқармасында  мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін. 

      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады