Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 23 желтоқсанда N 3-8-69 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 19.05.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, сәйкес Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Қызылжар ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;

      Бөрте ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;

      Шевченко ауылында – 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф.Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 22.08.2016 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округ әкімі: Қ.Т. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады