Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 23 желтоқсанда N 3-8-68 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауында жжәне деректемесінде "найменований", "аульного" сөздері "наименований", "сельского" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 27.11.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Құрмансай ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Құрмансай ауылында: Қазақстан, Жастар, Жамбыл, Абай Құнанбаев, Қобланды батыр, Д. Қонаев, Исатай батыр, Ы.Алтынсарин, Ақтөбе, Ж.Кереев;

      2) Торайғыр ауылында: Некрасов, Асау Барақ, Абай Құнанбаев, Сәңкібай Батыр, Т.Рысқұлов;

      3) Ефремовка ауылында: Декабристер;

      4) Шаңды ауылында: Ә.Жангельдин, Есет батыр;

      5) Егізата ауылында: Әлия Молдағұлова, Бөкенбай батыр.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 18.03.2015 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 22.08.2016 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құрмансай ауылдық округінің әкімі: Қ. Коктов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады