Ескерту. Атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
Ескерту. Көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, бүкіл мәтіні бойынша және № 1 қосымшасында "ставкасын", "ставкалары", "ставкасы", "бекітілсін", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша", "алаңға" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі", "төмендетілсін", "қосымшаға", "қосымша", "жер учаскелеріне" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің бүкіл мәтін бойынша "іргесіндегі" және "мөлшері" деген сөздер тиісінше "жанындағы" және "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2021 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510, 531 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2021 № 24 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын салық мөлшерлемесі Қосымшаға сәйкес төмендетілсін.
2. Жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 11.03.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Темір аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 "2008 жылға жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-60) шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
Р.САТАНОВА | С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА |
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының 2008 жылғы N 84 шешіміне Қосымша |
Үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын салық мөлшерлемесі
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін).
Атауы | Салық мөлшерлемесі |
Жер көлемі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне | 0,5 теңге бір шаршы метрге |