Қопа ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 6 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 15 желтоқсанда N 3-12-68 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 12.11.2018 № 19 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 12.11.2018 № 19 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Атауы жоқ көшелерге:

      1) Қопа ауылының атауы жоқ көшелеріне – Ор көшесі, Байсеркеш Нұрлыбаев көшесі, Мухамбетқали Ділманов көшесі, Мырзагерей Елкеев көшесі, Достық көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі;

      2) Тамды ауылының атауы жоқ көшелеріне - Әйтеке би көшесі, Ардагерлер көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Ақтөбе көшесі, Қуандық Шаңғытбаев көшесі;

      3) Амангелді ауылының атауы жоқ көшесіне – Амангелді Иманов деген атау берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округ
      әкімінің м.а. И.А.Беловод

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады