2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" аудан әкімдігінің N 158 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 07 мамырда N 10-7-99 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 1/1-1/2588 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.12 N 1/1-1/2588 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы XXVI сессиясының N 213 шешіміне сәйкес және жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу мақсатында, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 158 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 27 тамызда N 10-7-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 тамызда "Жаңақорған тынысы" газетінің N 69 санында жарияланған) қоса беріліп отырған "Аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық төлемдерді төлеудің Қағидасы" деген N 6 қосымшамен және "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы" деген N 7 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ауанов) ардагерлер мен тыл ардагерлеріне осы Қағидаларға сәйкес коммуналдық төлемдерді төлеуді жүргізу жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке тапсырылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Жаңақорған ауданының әкімі                 Б. Еламанов

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
      2008 жылғы 20 тамыздағы
       N 158 қаулысына N 6 қосымша
       (аудан әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
       N 673 қаулысымен енгізілген толықтыру)

Аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық төлемдерді төлеу
      Қағидасы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.04.14 N 1077 қаулысымен.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің
       2008 жылғы 20 тамыздағы
       N 158 қаулысына N 7 қосымша
       (аудан әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
       N 673 қаулысымен енгізілген толықтыру)

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.04.14 N 1077 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады