Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 1410 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 16 маусымда N 9-1-107 тіркелді

       Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабы , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30 , 33-баптарын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықталсын (қоса беріліп отыр).

      2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы
ұйымдардың басшылары орындалған жұмыстардың қаражатын қалалық бюджетке ай сайын аударсын. Орындалған жұмыстардың ақысы ұйымның қолданыстағы бағалары бойынша анықталсын.

      3. "Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігнің 2008 жылғы 12 сәуірдегі N 975 қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын  бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енеді.

      Әкім

      Әкімдігінің мүшелері

      КЕЛІСІЛДІ

Қостанай қаласы     
әкімдігінің қаулысының  
2008 жылғы 29 мамырдағы 
N 1410 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды
2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың
тізбесі

р/с№

Кәсіпорын атауы

Жұмыс түрлері

1

"Тұрғын үй-эксплуатациялық
қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары

2

"СТИКС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады