Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" N 6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қыркүйекте N 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 7 қазанда N 7-13-83 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы N 31-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010.08.10 N 31-8 Шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3 бабы 2 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" N 6-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 наурыздағы N 7-13-68 нөмірімен тіркелген, "Серпін" газетінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) "Аз қамтылған отбасыларына(азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібімен Ережесін бекіту туралы" шешімінің атауындағы, мәтініндегі "Ережесін", "Ережесі" деген сөздер "Қағидасын", "Қағидасы" деген сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Ж. Малтиев
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Ж. Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады