Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 556 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5860 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесі бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысандарына тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері осы бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Мынадай:
      1) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1372/1 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығының;
      2) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2979 тіркелген, 2005 жылғы 23 тамыздағы N 154 (888) Юридическая газета" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 513 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      7. Осы бұйрық оны ресми бірінші жариялаған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ж. Досқалиев

      КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      _____________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 23 қазан

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 23 қазандағы   
N 556 бұйрығымен       
бекітілген         
 

Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық
парағын және анықтамасын беру
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдардың азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын      құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уақытша еңбекке жарамсыздық – уақыт бойы қарапайым өндірістік жағдайларда кәсіби жұмысты орындау мүмкін болмайтын функцияның бұзылуы бар аурулармен немесе жарақаттармен түсіндірілетін адам организмінің жағдайы және емдеудің әсерінен қайтымды, өтпелі сипатта болады;
      2) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы – негізгі мақсаты жеке тұлғаны еңбекке жарамсыз деп ресми тану және оны сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату болып табылатын медициналық сараптаманың түрі;
      3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтік қорғау шараларында куәландыратын азаматтардың қажеттілігін анықтау;
      4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі – МӘС бөлімі) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы;
      5) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – медициналық ұйымдар ұйымдастыратын комиссия;
      6) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – осы ереже қосымшасындағы нысанға сәйкес азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын және оларды жұмыстан уақытша босатуды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуды растайтын құжат;
      7) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздықты куәландыратын, жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын және азаматтардың жәрдем ақы алмай жұмыстан босату құқығын беретін құжат.
      3. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы:
      1) аурулар кезінде;
      2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттар мен уланулар;
      3) жүктілікті жасанды үзу кезінде;
      4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезінде;
      5) жүктілік пен босану бойынша демалыс кезеңінде;
      6) жаңа туған нәрестені асырап алу кезінде;
      7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу кезеңінде;
      8) карантин кезеңінде беріледі.
      4. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы:
      1) жіті немесе созылмалы аурулары асқынғанда, жарақаттар алу кезінде немесе өзге де жағдайларда білім беру ұйымдарында оқитындарға;
      2) алкогольдік немесе есірткіге мас болу жағдайда, сондай-ақ жіті алкогольдік немесе есірткілік уыттану кезіндегі жарақаттар;
      3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеу кезінде;
      4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезінде;
      5) азаматтарға консультациялық-диагностикалық ұйымдарда тексеру жүргізу кезінде инвазивтік тексеру әдістерін жүргізу және тек осы күндері ғана жұмыстан босату кезінде;
      6) Қазақстан Республикасына уақытша (демалыс, іссапар) келген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
      5. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға (бұдан әрі – азаматтар):
      1) мемлекеттік қызметкерлерге;
      2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
      3) өндірістік практика өткенде ақы төленетін орынға оларды тіркелген кезінде білім беру ұйымдарында оқитындарға беріледі.
      6. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында демалыста, іссапарда және т.б. жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға:
      1) мемлекеттік қызметкерлерге;
      2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
      3) білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен оқитындарға беріледі.
      7. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және/немесе анықтамасын:
      1) мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың дәрігерлері, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен айналысатындар (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілері) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда;
      2) ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтаманы) фельдшердің беруіне рұқсат беріледі.
      8. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы:
      1) уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш берген;
      2) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетіндерге немесе әскери комиссариаттың жолдамасы бойынша емделетін;
      3) тұтқындағы немесе әкімшілік қамаудағы;
      4) асқынудан (нашарлау) тыс созылмалы аурулары бар, амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, тексеруден өтетін азаматтарға берілмейді.
      Көрсетілген жағдайларда азаматтың өтініші бойынша амбулаториялық (стационарлық) сырқаттың медициналық картасынан көшірме беріледі.
      9. Мынадай медициналық ұйымдарда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді:
      1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;
      2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;
      3) травматологиялық пункттер және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінде;
      4) санаторийлік-курорттық ұйымдарда;
      5) апаттар медицинасы ұйымдарында;
      6) салауатты өмір салтын қалыптастыру және құнарлы тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;
      7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде;
      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда.

2. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе)
анықтамасын беру тәртібі

      10. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе) анықтамасын береді.
      11. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және (немесе) анықтамасын беру мен ұзартуды медициналық қызметкер азаматты тексергеннен және оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін сырқаттың амбулаториялық (стационарлық, үйдегі стационар) медициналық картасына денсаулық жағдайы туралы мәліметтерін жазғаннан кейін жүзеге асырады.
      12. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (анықтамасы) мереке және демалыс күндерін қоса алғанда еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру кезеңі бойы уақытша еңбекке жарамсыздықты белгілеген күнінен бастап беріледі.
      13. 23-тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда азаматты медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беруге жол берілмейді.
      14. Аурулар мен жарақаттану кезінде медицина қызметкері үш күнтізбелік күнге (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығы бойынша халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін) және жалпы ұзақтығы кемінде алты күнтізбелік күнге жеке өзі және бір уақытта уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді.
      Алты күннен артық уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жалпы ұзақтығы кемінде жиырма күнтізбелік күн болған жағдайда медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп жүргізеді. Көрсетілген мерзімнен артық болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.
      Жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар кемінде алты күнтізбелік күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді.
      15. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ "Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін екі айдан артық белгілеуге болатын аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1171 қаулысымен белгіленген жағдайларды қоспағанда кемінде екі ай мерзімге беріледі. Көрсетілген еңбекке жарамсыздық мерзімдері аяқталғаннан кейін азаматтар еңбекке жарамдылықты анықтау үшін ДКК-ға жіберіледі.
      ДКК-ның қорытындысы бойынша жағымды клиникалық және еңбек болжамы кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге дейін кемінде екі ай мерзімге, жекелеген жағдайларда (жарақаттар, қайтадан ауыстыру операцияларынан кейінгі жағдай) кемінде сегіз ай мерзімге, (туберкулезді емдеу кезінде) кемінде он екі ай мерзімге ұзартылады.
      Көрсетілген еңбекке жарамсыздық мерзімдері аяқталғаннан кейін азаматтар еңбекке жарамдылықты анықтау үшін ДКК-ға қайта жіберіледі. Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша оны мүгедек деп тануға негіз болмаса және азаматтардың еңбек жағдайы аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, онда ДКК-ның екі айдан алты айға дейін мерзімге барынша жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытынды беріледі. Мерзім мамандығына, аурулардың ағымы мен асқынуларға қарай ДКК-мен белгіленеді.
      16. Жұмыс (ауысым) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі.
      17. Жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен және уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы оның денсаулық жағдайы туралы медициналық картасына жазыла отырып, кемінде сегіз күнге беріледі.
      Травматологиялық пунктте жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен және уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы көрсетілген медициналық ұйымдарға өтініш білдіргенін растайтын құжаттардың негізінде азаматтардың травматологиялық пунктке білдірген өтінішін есепке ала отырып, тәуліктің ішінде беріледі.
      18. Кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері азамат сырқаттанған жағдайда ауысымның аяғына дейін уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын бере отырып, оны жұмыстан босата алады.
      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беруді азамат тіркелген медициналық ұйымның медицина қызметкері жүргізеді. Егер медицина қызметкері азаматты еңбекке жарамды деп таныса онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді.
      19. Туберкулездік, психикалық, тері-венериялық, онкологиялық және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын жұқтырғандық/ жұқтырылған қорғаныш тапшылығының синдромы (бұдан әрі - АҚТҚ/ЖҚТБ) аурулары кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) тиісті медицина қызметкерлері береді. Мұндай ауруларымен ауыратын азаматтар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға өтініш білдірген жағдайда медицина қызметкері кейіннен міндетті түрде азаматты мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшесіне), ондай болмаған жағдайда бейінді маманға жібере отырып, кемінде үш күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді.
      20. Азаматты санаторийлік-курорттық ұйымға ауыстырған жағдайда, оны медициналық оңалту емдеудің ажырамас компоненті болып табылғанда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартуды ДКК қорытындысының негізінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқан медициналық ұйым жүргізеді.
      21. Стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкері азаматты шығарған күні стационарлық емдеудің барлық кезеңіне уақытша еңбекке жарамсыздық парағын береді.
      Егер стационардан шығару кезеңіне азаматтың еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілген болса, онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы шығарылған күнмен жабылады.
      Уақытша еңбекке жарамсыздығы жалғасқан азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы оның емхананың медицина қызметкеріне келу немесе медицина қызметкерін үйге шақыру (кемінде бір күнге) уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.
      Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған азаматтарға оның тұрақты мекен-жайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ кемінде төрт күнге) есептеледі.
      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ДКК қорытындысынан кейін одан әрі ұзарту мен жабуды азаматтың мекен-жайы бойынша оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе одан әрі емделу үшін азамат жіберілген медициналық ұйым жүргізеді.
      22. Созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты, уыттанушылықты емдеу кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасымен куәландырылады. Егер бұл кезеңде аурулар туындаса немесе жарақат алса уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      23. Психикалық аурулары бар азаматтар медициналық ұйымға уақытында қаралмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы психоневрологиялық диспансердің ДКК-ның немесе медициналық ұйым басшысымен бірлесе отырып, медицина қызметкерінің (психиатр дәрігер) қорытындысы бойынша өткен күндері үшін беріледі.
      Соттың шешімі бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген азаматтарға сараптамаға түскен күнінен бастап уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      24. Жұмыс істейтін студенттерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бекітіліп берілген орны бойынша медициналық ұйымдар береді.
      25. Егер азамат бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, оған әрбір жұмыс орны бойынша бірнеше уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      26. Әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және жүктілігі мен босануы бойынша демалыс беру үшін уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы беріледі.
      27. Тұрақты мекен-жайынан және жұмыс істейтін жерінен тыс (іссапар уақытында) уақытша еңбекке жарамсыздығы басталған азаматтарға уақытша келген жеріндегі медициналық ұйым басшысының рұқсатымен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      Көрсетілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
      28. Медициналық ұйымдарға жіберілген азаматтарға олардың тұрақты мекен-жайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс уақытша еңбекке жарамсыздық парағы талап етілетін жол жүруге қажетті күндердің санына, бірақ кемінде бес күнге ДКК қорытындысы бойынша жіберетін медициналық ұйым береді.
      Бұл уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартуды азамат жіберілген медициналық ұйым жүргізеді. Егер азамат Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген болса онда басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеуді ДКК жүргізеді.
      29. Тұрақты мекен-жайынан және жұмыс істейтін жерінен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған азаматтарға оны басқа жерде ұзарту тек оны берген медициналық ұйымның ДКК-ның қорытындысы болған жағдайда ғана жүргізіледі.
      30. Қазақстан Республикасы азаматтары шетелде болған кезеңде олардың ауырып қалу, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттар оны тіркеген мекен-жайы бойынша медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағымен ауыстырылады.
      31. МӘС-ға жолдама өмір сүруді шектейтін оның ішінде еңбекке жарамдылықты соңынан ауруға, салдарынан жарақатқа әкелетін ағза қызметі тұрақты бұзылған азаматтарға беріледі.
      32. МӘС-ға:
      1) соңғы он екі ай ішінде уақытша еңбекке жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан аз емес немесе бес айдан көп емес уақытта (бір аурумен) қайта ауырған;
      2) уақытша еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он екі айдан кем емес, соңынан туберкулезбен ауырған ұзақ ауырушы азаматтар жолданады.
      33. Егер МӘС қорытындысы бойынша азаматты мүгедек деп санауға негіз болмаса, ал ол уақытша еңбекке жарамсыз болса, онда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ДКК арқылы екі айдан ұзақ емес мерзімде, жекелеген жағдайларда (жарақат, қайта ауыстыру операциясынан кейінгі жағдайда) сегіз айдан артық емес уақытқа, (туберкулезді емдеу кезінде) он екі айдан артық емес уақытқа ұзартылады.
      34. Жұмыс істеуші мүгедектер мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы төмендегендер уақытша жұмысқа жарамсыз күнінен бастап кемінде екі айда МӘС-ға жолданады.
      Мүгедектер, ауру алғаш рет айқындалған жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздықтың мерзімі осы тарауға сәйкес анықталуы тиіс.
      35. Азамат МӘС-ға жолдамадан бас тартқан жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы немесе МӘС бөліміндегі құжаттарды рәсімдеу күні бас тартқан күнінен бастап ұзартылмайды, бұл туралы мәліметтер уақытша еңбекке жарамсыздық парағында және сырқаттың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасында көрсетіледі.

3. Жүктілік пен босану бойынша уақытша
еңбекке жарамсыздық парағын беру

      36. Жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін жетпіс күнтізбелік күн және босанғаннан кейін елу күнтізбелік күн) ұзақтығымен жүктіліктің отызыншы аптасында ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы қабылдау жүргізетін дәрігер береді.
      Ядролық сынаулар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктіліктің жиырма жеті аптасынан бастап қалыпты жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз жетпіс күнге және жүз сексен төрт күн – асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда беріледі.
      37. Жүктілігі мен босану демалысы кезеңінде тұрақты мекен-жайынан уақытша кеткен әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) босандыру ұйымының жазбасына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша беріледі.
      38. Асқынып босанған, екі және одан да көп бала тірі туған жағдайда жүктілігі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы әйел босанған денсаулық сақтау ұйымы немесе босандыру денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылау орны бойынша әйелдер консультациясында (кабинетте) демалыстық барлық кезеңіне он төрт күнтізбелік күнге созылады. Босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз қырық күнтізбелік күнге беріледі.
      39. Жиырма екі мен жиырма тоғыз апталық арасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша жетпіс күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі.
      Ядролық сынаулардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жүктіліктің жиырма екі мен жиырма тоғыз аптасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәулікке дейін өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша елу алты күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі.
      40. Ядролық сынаулардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жүктіліктің жиырма екі мен жиырма тоғыз аптасында  тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жағдайда әйелге тоқсан бір күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Өлі бала туғаннан кейін жеті тәулікке дейін өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша жетпіс жеті күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      41. Жүктілік кезінде әйел төленетін демалыста немесе үш жасқа толғанша баланы бағу бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болса уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың барлық күндеріне беріледі.
      42. Босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы  қайтыс болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы нәрестеге бағуды жүзеге асыратын адамға беріледі.
      43. Жүктіліктің ерте мерзімінде операцияны қоспағанда жүктілікті жасанды түрде үзу операциясы кезінде уақытша еңбекке  жарамсыздық парағын операция жүргізілген стационардың және амбулаториялық-емханалық деңгейдегі дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда – уақытша еңбекке жарамсыздығының барлық кезеңіне береді.
      Өздігінен түсік тастағанда жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы еңбекке жарамсыздық кезеңіне беріледі.
      44. Эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізу кезінде операция жасаған медициналық ұйым жүктілікті белгілеу фактісіне дейін эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап береді.
      Қыз немесе ұл асырып алған азаматтарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық аналық кезінде бала асырап алған күнінен бастап және  бала туғаннан бастап елу алты күннің ішінде тікелей перзентханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      45. Медициналық ұйымның уақытша еңбекке жарамсыздық парағымен бір уақытта жүктілігі мен босануына, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуына байланысты жұмыс берушінің жүктілігі мен босануы, сондай-ақ жаңа туған баланы (бала) асырап алуы бойынша демалысты рәсімдеуі үшін уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын ДКК анықтамасы беріледі.

4. Сырқат балаға немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша
еңбекке жарамсыздық парағын беру

      46. Он төрт жасқа толмаған сырқат баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкері тікелей бағуды жүзеге асырған отбасы мүшесінің біреуіне (қамқоршысына) береді.
      47. Сырқат баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ол бағуды қажет еткен кезеңнің ішінде, бірақ кем дегенде он күнге беріледі және ұзартылады.. Анасының немесе отбасының басқа бір мүшесінің қарауындағы бала немесе мүгедек бала тұрғылықты мекен-жайынан тыс жерде ауырса, мүгедек баланы бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы басқа қалалыққа берілген тәрізді (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.
      48. Медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы немесе мүгедек баланы стационарлық емдеу кезінде бағу бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ата-ананың біреуіне немесе баланы немесе мүгедек баланы бағушы адамға:
      1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезіне;
      2) ауыр деңгейлі сырқатты ересек жастағы балаларға;
      3) мүгедектіктің бірінші тобы - стационарда болған бүкіл уақытына;
      4) медициналық ұйымның жолдамасымен тұрақты мекен-жайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге екі жаққа жолақысын қоса алғанда стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.
      49. Егер бала немесе мүгедек бала стационардан шығарылғаннан кейін бағуды қажетсінсе, ал оны ауруханаға жатқызғанша бағу үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медициналық ұйым тұрғылықты мекен-жайы бойынша он күнге дейін береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы берілген болса, ол қалған күндерге де беріледі (он күнге дейін).
      50. Бағу бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру пайда болған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      51. Егер бала немесе мүгедек бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келгеннен кейінгі басқа елдегі кеңес (емдеу) туралы құжаттар негізінде ДКК уақытша еңбекке жарамсыздық парағын түбегейлі рәсімдеуді жүргізеді.
      52. Екі және одан да көп бала бір мезгілде ауырған жағдайда оларды бағу бойынша бір уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      53. Бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (кезекті немесе қосымша демалыс, жүктілік және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғысына қатысы жоқ басқа аурудың пайда болу жағдайында) қажет етпейтін бала ауырған кезеңде бағу бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың ауруы басталған күн есепке алынбай, ата-анасы жұмысқа кіруге тиіс күннен бастап беріледі.
      54. Баланы немесе мүгедек баланы бағып отырған ана (әке) ауырып бағуды жүзеге асыра алмайтын жағдайда, анасының (әкесінің) ауырған уақытында оларды емдеу мекен-жайы бойынша медициналық ұйым уақытша еңбекке жарамсыздық парағын баланы немесе мүгедек баланы бағуды шын мәнінде жүзеге асырып отырған отбасының басқа бір мүшесіне беріледі.
      55. Ауру баланы немесе мүгедек баланы бағу бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істеуші азамат уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
      56. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы созылмалы ауру балалардың ремиссиясы кезеңінде бағу бойынша берілмейді.

5. Карантин кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық
парағын беру

      57. Жұқпалы аурумен ауырған сырқаттармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері береді.
      Жұқпалы ауру және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттетудің ұзақтығы адамдарды оқшаулаудың бекітілген мерзімімен анықталады.
      58. Карантин кезінде мектеп алды білім мекемесіне баратын жеті  жасқа дейінгі бала күтімі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау территориялық органы эпидемиолог дәрігердің қорытындысының негізінде карантиннің барлық мерзімі кезінде отбасының жұмыс істейтін мүшесінің біреуіне беріледі.
      59. Қоғамдық тамақтану, сумен жабдықтау, медициналық ұйымдар, балалар мекемесінде жұмыс істейтін азаматтарда гельминтоз болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы барлық дегельминтизация кезіне беріледі.

6. Протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық
парағын беру

      60. Протездеуге арналған еңбекке жарамсыздық парағы азамат ортопедикалық-протездеу орталығының стационарына жатқызылған жағдайда, науқастың стационардан емделіп шығуы кезінде стационарда болған барлық уақыты мен емделу орнына келу мен қайтуына, бірақ отыз күннен артық емес уақытқа стационардың медициналық қызметкерімен медициналық ұйымның басшысымен бірлесе отырып беріледі.
      Амбулаторлық-емханалық жағдайларда протез алып жүрген азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді.

7. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға уақытша еңбекке
жарамсыздық парағын беру

      61. Туберкулезбен ауыратын науқастар жалпы мақсаттағы (профил) медициналық ұйымға қаралған жағдайында уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру осы ережелердің 19-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
      62. Мүгедек деп танылған азаматқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мүгедектік тобы бекітілген күннен бастап бекітіледі.
      63. Өзінің негізгі жұмыс орын бойынша және өзін қоршаған тұлғаларға жұқтыру қауіпі жоқ уақытша еңбекке жарамсыз болған азаматқа орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) оны басқа (ыңғайлы) жұмысқа ауыстыру туралы қорытынды береді.
      64. Азаматтың уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде оның емделу курсын аяқтағанға дейін біліктілігі мен еңбекақысын жоғалмай, жұмыс орны сақталады.
      65. Оң клиникалық-рентгенологиялық динамика тиімді емдеуінде, эпидемиологиялық қауіптілікті жою және еңбекке жарамдылықты қалпына келтірудегі емдеудің кез келген сатысында уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жабылып, азамат жұмысына кіріседі.
      66. Рецидивті немесе тыныс алу органдарының алғашқы туберкулезі анықталған азаматқа:
      1) ыдыраусыз – стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) он ай емделу кезі уақытша еңбекке жарамсыз деп саналады.
      Асқынулар пайда болу, даму үрдісі немесе, аурудың торпидті ағымында, ауырлық түсіретін факторлар болған жағдайда ауру МӘС-ға жіберіледі. Егер МӘС-ның қортындысы бойынша ауру мүгедек деп саналмаса, ол уақытша еңбекке жарамсыз болып, уақытша жарамсыздық парағының уақыты ДКК арқылы он екі айға дейін созылады;
      2) туберкулездің кең таралған түрімен жағымды кері динамикамен процестің қатерсіз ағымында он айдан он екі ай бойы уақытша еңбекке жарамсыз, яғни еңбекке жарамдылықты қалпына келтіретін барлық емдеу толық нәтижелі аяқталғанға дейін саналады. Алты ай мен сегіз ай бойы емдеу кезінде нәтиже болмаған жағдайда сырқат МӘС-ға жіберіледі;
      3) туберкулездің созылмалы бациллалық құрылымсыздық үрдісімен еңбекке жарамсыз саналады. Функционалдық және патоморфологиялық өзгерулер шұғыл байқалған ауыр қайтымсыз туберкулездік процесс МӘС жүргізуге себепші болады;
      4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулезде (КДК ТА) он екі айға дейін еңбекке жарамсыз саналады, он екі ай өткеннен кейін медициналық құжаттары МӘС-ға жолданады.
      5) ОДКК резервтік қатардағы препараттармен емдеу туралы шешімі кезінде науқасты мүгедектік тобын белгілеу үшін МӘС-ға жіберуі қажет.

8. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру және рәсімдеу
ережелері

      67. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады.
      68. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде рәсімделеді.
      69. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беретін денсаулық сақтау субъектілерінде оның беткі жағы толтырылады. "Уақытша еңбекке жарамсыздық парағының беткі жағында" cәйкесінше "алғашқы" немесе "жалғастыру" сөздерінің асты сызылады. Бұдан кейін медициналық ұйымның атауы мен мекен-жайы, еңбекке жарамсыздық парағын беру күні, емделушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіліп, медициналық ұйымның мөрі қойылады.
      70. "Уақытша жұмысқа жарамсыздық түрі" бағанында уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жарамсыздықтың негізіне байланысты берілгендігі көрсетіледі.
      Егер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босанумен байланысты берілсе - босану күні, бала асырап алумен, байланысты берілсе - асырап алу күні, сырқат баланы бағу бойынша берілсе - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі.
      71. "Режим" деген жолда емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі. Медициналық қызметкері тағайындаған режимді азаматтың бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс тұтыну, тағайындаған зерттеу немесе емдеуді орындамау, медицина қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа елді-мекенге шығу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, медициналық қызметкерінің қолы қойылады.
      72. Стационарлық емдеу мерзімі туралы, МӘС-ға жолдау күні және қорытындысы туралы бағандарда да сәйкесінше белгілер жасалады.
      73. "Жұмыстан босату" бөліміндегі "Қай күннен бастап" бағанында араб цифрларымен, ал "Қай мерзімге дейін" бағанында мерзімі жазбаша жазылады. Бұл бөлімнің әрбір жолында нақты түрде медициналық қызметкердің тегі мен аты, лауазымы жазылып, қолы қойылады.
      74. "Жұмысқа шығу" жолында азамат еңбекке жарамды деп танылғаннан және қаралған кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша түрде толтырылады. Уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда: "сырқаттану" жөнінде жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен күні белгіленеді. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: "Мүгедектік белгіленді (күні)", "қайтыс болды" (қайтыс болу күні көрсетіледі) тиісті мәліметтер жазылады.
      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берген соң немесе мерзімін создырғаннан кейін азамат қаралуға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамдылығы анықталған болса, еңбекке жарамсыздық парағының "Жұмысқа шығу" жолында: "Жұмысқа жарамды келу" (келген күні көрсетіледі), "Жұмыстан босату" кестесінің "Қашаннан" және "Қашанға дейін" бағанындағы бос жолдар "Z" белгісімен сызылады.
      75. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы азаматтың сұрауы бойынша немесе оның жұмысындағы әкімшіліктің талабы бойынша жабылмайды.
      76. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бланкісінің нөмірі, берілген күні, создыру немесе жұмысқа шығу күні науқастың амбулаториялық картасында (стационарлық сырқаттың медициналық картасында) жазылады.
      77. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағының сыртқы бетін азаматтың жұмыс орны бойынша жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыздық аралығында төленетін еңбек күнін шығару есебімен толтырады.
      78. Дұрыс емес жазылған мәліметтерді сызып, үстіңгі жағына дұрысын жазып, түзетулер енгізуге болады. Түзетулер медициналық қызметкердің қолы қойылып, денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылады.
      79. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашу кезінде денсаулық сақтау субъектісінің мөрі парақтың бірінші бөлімінің үстінде оң жағынан және жұмысқа шығуда немесе жалғастыру берілген жағдайда төменгі жағында қойылады.
      80. Барлық уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары уақытша еңбекке жарамсыздарға уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының бланкісіне арналған құжат болып табылатын түбіртектерде қолхатпен беріледі.
      81. Берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының есебі уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында жүргізіледі.
      82. Жарамсыз және талап етілмеген уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының бланкілері оларды берген медициналық қызметкермен келесідей тәртіпте: бланк айқасқан сызық түрінде сызылады және "бұзылған" немесе "жойылған" деп үлкен әріптермен жазылады.
      Бүлдірілген немесе талап етілмеген бланк түбіртектері медициналық ұйымда екі жыл бойы сақталады, бұдан соң басшы бұйрығының негізінде жойылады. Бүлінген немесе талап етілмеген бланкілерді жою туралы акт бес жыл бойы сақталады.
      83. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнынан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жоғалту салдарынан төлем жүргізілмегендігі туралы анықтаманы бергеннен кейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берген денсаулық сақтау субъектісі көшірмесін береді. Көшірмесінің алдыңғы бетінің жоғарғы жағында "Телнұсқа" екендігі жөнінде белгі қойылады.
      84. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы дәрігердің қабылдауына тағайындалған күні келмеген азаматқа, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қаралған күніне ғана созылады, ал келмеген күндеріне жазылмайды.
      85. Еңбекке жарамсыздық жалғасқан жағдайда, медициналық қызметкер алғашқы еңбекке жарамсыздық парағының "Режимді бұзу туралы белгі" бағанында бұзушылықты белгілеп, уақытша еңбекке жарамсыздық парағының "жалғастыруы" беріледі.
      86. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ұрланған немесе жоғалған жағдайда медициналық ұйым анықталған күннен бастап он күнге дейін кешіктірмей ведомстволық көрсетілген фактілер туралы тиістілігі бойынша жоғарғы органға хабарлайды.

Азаматтарға уақытша еңбекке 
жарамсыздық парағын және  
анықтамасын беру ережесіне 
қосымша           

      нысаны  

        Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы         серия № 0000000
        – лист временной нетрудоспособности
   Алғашқы – жалғасы-первичный - продолжение
    (тиістісінің асты сызылсын - соответстующее подчеркнуть)

Дәрігер       ______________________________________      ______________
толтырады     (еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты           (дәрігердің тегі
да емдеу      және әкесінің аты - фамилия, имя и отчество          – фамилия врача)
врачом и               временно нетрудоспособного)
остается      ______________________________________
в лечебном         (мекен жайы - домашний адрес)
мекемесінде   ______________________________________       Ауру тарихының №
қалдырады -  (қызмет орны - кәсіпорынының мекеменің атауы –        № истории болезни
Заполняется   место работы - наименование предприятия или          __________________
учреждении                  учреждения)
                 Берілді __________________ 20____ ж.              __________________
                 Выдан (күні, айы, жылы - число, месяц, год)        (алушының қолы -
                                                                   расписка получателя)
                 _______________________________________________
                 Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы -
                  лист временной нетрудоспособности
                Алғашқы парақтың жалғасы /первичный –
                      продолжение листка № __________
            (тиістісінің асты сызылсын – соответствующее подчеркнуть)
         Серия № 0000000                                       _________________
         _______________________________________________________    |Емдеу мекемесінің|
                (емдеу мекемесінің атауы және мекен жайы            |мөрі - печать    |
               - наименование и адрес лечебного учреждения)         |лечебного учреж- |
                                                                    |     дения       |
Емдеу      Берілді __________________ ж. ______________ 20_________
мекеме-    Выдан күні, айы - число, месяц г.    ХАЖ-10
сінің      __________________________________     Жасы ____________  _________________
дәрігері    (еңбекке уақытша жарамсыз адамның           Возраст     |Ер-Муж Әйел-Жен  |
толтырады –  тегі, аты, әкесінің аты - фамилия,         (толық жасы |тиістісінің асты |
заполня-        имя, отчество временно                 - полных лет)|сызылсын - соотв-|
ется                нетрудоспособного)                              |етствующее под-  |
врачом                                                              |    черкнуть     |
лечебно-   ________________________________________________________
го учре-       (қызмет орны кәсіпорынның не мекеменің атауы,
ждения       лауазымы – место работы наименование предприятия или
                     учреждения, должность)
           __________________________________________________________________________
          |Код МКБ - 10    Қорытынды ХАЖ - 10 – Заключительный Код МКБ-10     |
          |            (қазақ не орыс тілінде – на казахском или русском языке)      |
          Еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрі көрсетілсін (сырқаттану, жарақаттар мен
          уланулар, жүктілікті жасанды үзу, нәрестені асырап алу, карантин, ауруды
          күтү, санаторий-курортта емделу, босану алдындағы не босанудан кейінгі
          демалыс). Указать вид временной нетрудоспособности (заболевание, травмы и
          отравления, искусственное прерывание беременности, усыновление/удочерение
          ребенка, карантин, уход за больным, сан-кур.лечение, дородовой или
          послеродовой отпуск)
          ___________________________________________________________________________
          Ауруды күтуге демалыс берілсе, аурудың жасы, диагнозы ХАЖ –10 бойынша
          көрсетілсін, карантин себепті демалыс берілсе, карантинді тудырған ауру
          ХАЖ-10 аталып көрсетілсін.
          При отпуске по уходу указать возраст больного и диагноз по МКБ-10, при
          отпуске по карантину указать название заболевания по МКБ-10, вызвавшего
          карантин
          ___________________________________________________________________________
          Санаторий-курортта емделетін болса, жолдама мерзімінің басталатын және
          бітетін уақыты көрсетілсін.
          При сан-кур.лечении указать дату начала и окончании срока путевки
           _________________________________________________________________________
          |Түзім/Режим     Түзімді ушылық туралы белгі/Отметки о нарушении режима |
          |                      Дәрігердің қолы/Подпись врача ___________________  |
          Стационарда болды / Находился в стационаре |МӘС бөліміне жіберілді /
          20______ ж.______ 20 _____ ж. ______ дейін |Направлен в отдел МСЭ 20___ ж.
          с ______ 20 _______ г. по _____ 20_____г.  |_____ 20 _____ г.
          Уақытша басқа жұмысқа ауыстырылсын /       |Дәрігердің қолы /Подпись врача
          Перевести временно на другую работу с      |_________________________
          20_____ ж. _____ ден 20 _____ ж. ____ дейн |МӘС –тің қарауынан өткен /
          20 ______ г. по_____ 20 ______ г.          |Освидетельствован во МСЭ 20__ ж.
          Бас дәрігердің қолы /                      |______ 20_____г. МӘС бөлімінің
          Подпись главного врача____________________ |қорытындысы /Заключение отдела
                                                      МСЭ __________________________
                                                      МӘС бөлімі бастығының қолы
                                                      Подпись начальника отдела МСЭ
                                                      ______________________________
                                                       _______________________
                                                      |МӘС-тің мөрі-Печать МСЭ|

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады