Базалық салықтық мөлшерлемелерді түзету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда № 3-4-73 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 06.09.2024 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" сөздермен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.03.2017 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Салық мөлшерлемелері:

      жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері 20 пайызға;

      елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері 50 пайызға;

      елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 16 "Жер салығының базалық ставкасы туралы" (2008 жылғы 8 қаңтарда Байғанин аудандық әділет басқармасында № 3-4-46 болып тіркелген, аудандық "Жем-Сағыз" газетінің 23 қаңтар 2008 жылғы № 3 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Сарқұл
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады