Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 ақпанда N 3-12-81 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосында" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылында" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Құдықсай ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 02 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 24.04.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Құдықсай ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атаулары берілсін:
      1) Құдықсай ауылында: Береке, Желтоқсан, Достық, Жеңіс, Жастық Мектеп, Наурыз, Ойсылқара, Бейбітшілік, Мамыр, Кеңой;
      2) Ойсылқара ауылында: Ойсылқара, Бейбітшілік, Жеңіс көшелері.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі: Н.Изтлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады