Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ-сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 31/303 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 қазандағы N 17/208 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда N 8-17-83 тіркелді

      Аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 31/303 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2006 жылғы 27 қазанда N 8-17-27 болып тіркелген, аудандық "Заман" газетінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 45 (10.089) санында жарияланған), аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 9 шілдедегі ХХХІХ – сессиясының "Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ - сессиясының N 31/303 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 39/399 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 8-17-49 болып тіркелген, аудандық "Заман" газетінің 2007 жылғы 2 тамыздағы N 31 (10.127) санында жарияланған), аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 30 қыркүйектегі VIII – сессиясының "Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ - сессиясының N 31/303 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 8/114 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2008 жылғы 16 қазанда N 8-17-64 болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 45 (10.193) санында жарияланған), мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй жәрдемақысын беру Қағидасы"
      Қағиданың бірінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді."
      1 тармақтың 1) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
      "1) тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, сонымен қоса кондоминиум нысандарының жалпы мүліктерін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер төлемдері үшін берілетін жәрдемақы және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне төленетін өтемақы."
      2, 9, 23 тармақтардағы және 18 тармақтың 8) тармақшасындағы "қалалық" сөзі алынып тасталсын.
      3 тармақ мынандай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде."
      18 тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "немесе кенттің, ауылдық (селолық) округтың әкіміне және тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қазанынан туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы                            Т. Әбеуов

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы               Р. Мақсұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады