"Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда № 9-10-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШТI:
      1. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркеу жылында он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарына 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде тіркеудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Жітіқара ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге:
      1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, оқу орындарына нарядты жеткiзуге;
      2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстардың басталғаны туралы аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялауға ұсыныс берілсін.
      3. Бекітілген кестеге сәйкес, сараптамалар беру мен куәландырулар үшін селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері аппараттарының әскери-есеп үстелдері мамандарының шығарып салуындағы шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың келуін селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздестірумен және тауып әкелумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      6. Шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер Министрлігі Қостанай
      облысы ішкі істер Департаменті
      Жітіқара қаласы және Жітіқара
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Д. Төребаев

      "Қостанай облысы Жітіқара
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ М. Абраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады