"2009 жылға арналған кәсіпорындар тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 38 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 287 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада № 9-17-86 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2010.01.05 № 2 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға арналған кәсіпорындар тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін бекіту туралы" әкiмдiктiң 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 38 қаулысына (2009 жылғы 5 наурызда "Сарыкөл" газетiнде жарияланған нормативтiк-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген № 9-17-75) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармағы келесi редакцияда мазмұндалсын:
      "1. 2009 жылға арналған кәсіпорындар тізбесі, жұмыссыздар және толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін үйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін".
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудан әкімі                                К. Ғабдулин

      КЕЛIСIЛДI

      "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлiмi" мемлекеттік мекемесі бастығы
      _________________ Ю. Кондриков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады