Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын 2009 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қаңтарда № 9-20-141 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып Федоров ауданының әкімдігі ШЕШТІ:

      1. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды аудан аумағында тіркеуді 2009 жылғы қаңтар-наурызда ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Федоров селосында тіркелу орнын ұйымдастырсын.
      3. "Федоров аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) тіркелу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
      4. Федоров селосының және селолық округтер әкімдеріне:
      1) тіркелу үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін жеткізу кезінде қолайсыз жағдайлардан сақтану үшін адамдарды жіберсін.
      5. "Федоров ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу байланысты іс-шараларды қаржыландыру "Қостанай облысы Федоров ауданының әкімінің аппараты" "Қорғаныс" бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасында көзделген қаржылар есебінен жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн мерзімі өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров                                    А. Корниенко
      ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады