N 32 Западный сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастырудың орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 93/2 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 ақпанда N 220 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 шілдедегі N 839/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 13.07.2012 N 839/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 28 қарашадағы "Шығып кеткен облыстық мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізуді белгілеу туралы" N 6 қаулысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі - кандидаттар) үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л. П. Векшина) кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәтте кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес стендтерді, жайма тақталар мен қысқа бағаналарды сәйкестікке келтірсін.
      3. Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын мына жерлерде:
      - коммуналдық меншік объектілерінің ғимараттарында;
      - коммуналдық меншікке жататын аялдама павильондарында;
      - мемлекеттік үлес қатысы бар акционерлік қоғамдарға жататын объектілер мен мүліктерде орналастыруға тыйым салынсын.
      4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарының сайлауын өткізу кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын ілетін орындарды белгілеу туралы" N 352/5 қаулысының (мемлекеттік нормативтік құқықтық тіркеудін N 12-3-101 Тізілімінде тіркелген, 2007 жылы 5 шілдедегі "Вести Экибастуза" N 27 және "Отарқа" N 27 газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н.Нәбиев

      Келісілді:

      Екібастұз қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      2009 жылғы 19 ақпан                        Б.Амантаев

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009
жылғы 20 ақпан N 93/2 қаулысына
қосымша         

N 32 Западный сайлау округі бойынша облыстық мәслихат
депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа
материалдарын орналастыруға арналған орындардың
ТІЗБЕСІ

N

Орналастыру орны

Дана саны

1.

Абай көшесі, "Орал" автотұрақ ауданында

1

2.

Беркімбаев – Сәтбаев көшелерінің қиылысы

1

3.

Әуезов көшесі, "Рымжан" автожағар-жанар май  станциясының ауданында

1

4.

Ленин - Сәтбаев көшелерінің қиылысы

1

5.

Абай - Әуезов көшелерінің қиылысы

1

6.

Абай көшесі, "Шылау" базарының ауданында

1

7.

Беркімбаев – Торайғыров көшелерінің қиылысы, N 115 үйдің ауданында

1

8.

Беркімбаев көшесі, N 180  үйдің ауданында

1

9.

Бұхар жырау – Автомобилистер көшелерінің қиылысы

1

10.

Ленин - Бұхар Жырау көшелерінің қиылысы

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады