Мамлют аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 ақпандағы N 28 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда N 13-10-77 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы N 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 08.10.2013 N 336 қаулысымен

       Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабына 6-тармағына сәйкес, үгіттік басылым материалдарын орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Аудандық мәслихаттың № 1 сайлау округі бойынша кеткен депутаты Шалкенов Еркен Қаспанұлының орнына депутаттыққа үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданының аумағында орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2.Басылым материалдарын тарихи, мәдени және сәулетті маңызы бар ескерткіштерге, обелисктерге, ғимараттар мен имараттарға, сонымен қатар дауыс беру бөлмесіне орналастыруға тыйым салынады.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы С.Қ.Мамашәріповке жүктелсін.
      4.Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Б. Нұғыманов

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 25 ақпандағы
№ 28 қаулысына қосымша

Мамлют аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлердің үгіттік  басылым материалдарын орналастыру орындарының тізімі


т/т

Елді мекеннің атауы

Үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары

1.

Андреевка селосы

Мәдениет Үйінің жанындағы
алаңдағы щит

2.

Бостандық селосы

Клуб ғимараты алаңындағы щит

3.

Владимировка селосы

Мектеп жанындағы алаңдағы щит

4.

Меңкесер селосы

«Ибраев» ЖК дүкені
жанындағы алаңдағы щит

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады