Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/547 "2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № А-5/816 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 маусымда № 1-1-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № А-3/526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.03.16 № А-3/526 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2010 жылдың 16 сәуірдегі № А-4/547 қаулысына ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-1-122 болып тіркелген, 2010 жылдың 20 мамырында «Көкшетау»,«Степной маяк» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулысымен бекітілген, қалалық шақыру комиссиясының құрамына «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы Серік Кеңесұлы Балғожинов енгізілсін;
      қалалық шақыру комиссиясының құрамынан Нұрмағамбетов Келден Төлегенұлы шығарылсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      3.Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б.Сапаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Көкшетау қаласының
      корғаныс істері
      жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.Балғожинов

      «Ақмола облысының
      денсаулық сақтау
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.П.Маджуга

      «Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      Ақмола облысының
      Ішкі істер департаменті
      Көкшетау қаласының
      Ішкі істер басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.К.Мадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады