Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 273Ш шешімі және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 2163Қ қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 тамызда № 3-1-139 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Атаусыз көшелерге:

      "Авиатор - 2" орамындағы атаусыз көшеге Сұлтан Аманғосов;

      "Заречный - 2" тұрғын алабындағы атаусыз көшеге Ахмет Ескендіров атаулары берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақтөбе қаласының кейбір көшелері:

      Селиверстов көшесі - Тілеу батыр көшесі;

      Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданындағы Тихая көшелері: Жиембет жырау, Жеңімпаз, Желкен, Жетіген атауларымен қайта аталсын.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының
әкімі
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы
      А. Мұхамбетов К. Цхай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады