2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Шу ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 133 Қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 мамырда № 91 тіркелді.Күші жойылды Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 № 315 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 02.09.2015 № 315 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8) тармақшасы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабының 3 тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысын сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметінің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлермен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Шу аудандық әкімдігінің 2010.09.09 № 335 Қаулысымен.

Ердосов Күмісбек Жарылқасынұлы
-
-"Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Құрманов Манас Тұрсынәліұлы
-
-"Шу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Шу ауданы әкімінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;

      
      комиссия мүшелері:

Сәулебаев Талғат Бақытұлы
 
-"Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Оралбаев Серікжан Доқтырбекұлы
 
- "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігері-хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Скударнова Зинаида Ивановна
 
- "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу ауданыдық орталық емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

      
      3. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдын 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
      5. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Ускумбаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ.Жабағиев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш. Жапабаев
      25.04.2010 жыл
      "Жамбыл облысы Шу ауданының
      Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      К. Ердосов
      25.04.2010 жыл
      "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
      басқармасының Шу аудандық орталық
      ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      А. Мұқатаев
      25.04.2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады