Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XXIII сессиясының N 207 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХVI сессиясының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 245 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 сәуірде N 8-5-91 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XХIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 207 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына бiржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (2010 жылғы 20 қаңтардағы нормативтiк құқықтық кесімдердің мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiнде тіркеу нөмірі 8-5-83, 2010 жылғы 16 ақпандағы "Қазыналы өңір" газетінің N 7 саныңда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы:
      "10000" саны "5000" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ХХVІ сессияның төрағасы,
      қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады