Әкімдіктің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 156 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 434 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 қыркүйекте № 9-4-171 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын орындау үшін Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 156 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-164 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      5-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі                    В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы Лисаков қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ А. Никифоров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады