Әулиекөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 26 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 ақпанда № 9-7-114 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.12.27 № 369 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес және Әулиекөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері тізімінде № 9-7-109 нөмірімен тіркелген) іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      1) 2000 теңге мөлшерінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      2) бір адамға, республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті жылға 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, негізгі азық-түліктердің қымбаттауына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      3) туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған адамға емдеудің демеу фазасында қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) айына табысы күнкөрістің ең аз шамасынан кем отбасыларға (азаматтарға) біржолғы әлеуметтік көмек;
      5) республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген тиісті жылға үш есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде санаториялары мен оңалту орталықтарында денсаулығын түзеткен мүгедектердің жол жүруіне байланысты шығыстарды өтеу;
      6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне 1000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      7) Ауғанстан демократиялық республикасынан кеңес әскерлерін шығару күніне орай интернационалист-жауынгерлерге және қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің отбасыларына 10000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      8) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 35000 теңге мөлшерінде, бұрынғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, ерікті жалданушы құрамның тұлғаларына, екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына), қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) 5000 теңге мөлшерінде, сонымен қатар жалпы аурудың, еңбекте кеміс болып қалған және басқалай себептермен (заңға қайшы келетінінен басқасы) мүгедек деп танылған соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), ерен еңбегі үшін және Ұлы Отан соғысы жылдарында мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға 30 000 теңге мөлшерінде;
      9) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуі (асырап алған, қамқоршы, қорғаншы) бала қайтыс болған күніне өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, немесе зейнеткер немесе мүгедек болған жағдайда тағайындалады;
      10) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда қайтыс болар кезінде жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, және қайтыс болушының отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді атқарған тұлғаға тағайындалады;
      11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын;
      табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.01.04 № 96 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-өкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайтындығы;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатындығы және өтініш берушінің қайтыс болғанына немесе оның аудан аумағының шегінен шығуына байланысты тоқтатылатындығы.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкес банктік операцияларға лицензиялары бар ұйымдары арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару немесе карт-шот жолымен жүзеге асырылады.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
      6. Қосымшаға сәйкес осы қаулымен қарастырылған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі анықталсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсін.
      8. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов
 

      КЕЛІСІЛДІ:
 

      Әулиекөл ауданы мәслихатының хатшысы
      ____________ Бондаренко Александр Иванович
      25.01.2010
 

      Қостанай облысы денсаулық сақтау
      басқармасының "Әулиекөл аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
      бас дәрігері
      ___________ Шульгин Сергей Владимирович
      2010.01.25
 

Әкiмдіктің       
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 26 қаулысына қосымша
 

Осы қаулымен қарастырылған
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.01.04 № 96 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жалпы құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
      өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмелері әлеуметтік жеке кодының көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің жеке түрлерін тағайындау үшін ұсынылатын құжаттар:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстыққажеттіліктеріне:
      Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігінің көшірмесі;
      2) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануына:
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      аурудың емханалық емдеуде болуын растайтын емдеу мекемесінің анықтамасы;
      3) айына ортажандық табысы күнкөрістің ең аз шамасынан төмен отбасыларға (азаматтарға) және халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмекке:
      өтінім берушінің табыстары туралы мәліметтер;
      4) мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмекке:
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмелері;
      5) мерекелік және атаулы күндерге біржолғы әлеуметтік көмекке:
      төленетін санаттың мәртебесін растайтын құжат.
      6) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және қайтыс болуы туралы анықтама;
      баланың тууы туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселері бойынша уәкілетті органнан ата-аналарының жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;
      8) қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және қайтыс болуы туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселері бойынша уәкілетті органмен қайтыс болушының жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;
      қайтыс болған азаматтың тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      9) халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
      оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
      өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі;
      10) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
      оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады