Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 26 "Әулиекөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 96 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 сәуірде № 9-7-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-109 тіркелген) шешімін іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 26 "Әулиекөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 "Әулиекөл ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-114 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурызда № 10 "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында "500" сандары "2000" сандарымен алмастырылсын;
      1-тармақтың 8) тармақшасында "25000" сандары "35000 сандарымен алмастырылсын;
      1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын;
      табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен";
      жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшаның 2 тармағы келесі мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
      оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
      өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын құжаттың көшірмесі;
      "10) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын жастарға әлеуметтік көмек:
      оқу орнын және оқу жылында оқығаны үшін төлем ақы мөлшерін растайтын құжат;
      отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар".
      2. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Әулиекөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ Бондаренко А.И.

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Әулиекөл аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналы
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ________________ Шульгин С.В.

      Әулиекөл селосының әкімі
      ________________ Лыфарь А.В.

      "Әулиекөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________________ Оспанов С.Ә.

      "Әулиекөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ Печникова Т.И.

      "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Төребаева З.Ш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады