Қарасу ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылы әкімінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда № 9-13-112 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 27.10.2020 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармақшасына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, халықтың пiкiрiн ескере отырып, Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 27.10.2020 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қарасу ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Новая көшесі - Т. Рамазанов көшесіне;

      Верхняя көшесі - А. Анищенко көшесіне.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарасу ауылының әкімі

Б. Шәріпов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады