Кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы N 290/8 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қыркүйекте N 12-12-96 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 6/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 10.01.2018 № 6/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Успен аудандық аймақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін төмендегі орындар белгіленсін:

      Таволжан ауылындағы Таволжан ауылдық мәдениет Үйі маңындағы алаң;

      Надаров ауылындағы Успен ауданының "Надаров жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы алаң;

      Вознесен ауылындағы Вознесен ауылдық мәдениет Үйі ғимаратының жанындағы алаң.

      2. Таволжан ауылының және Надаров ауылдық округінің әкімдері кеткен аудандық мәслихат депутатының орнына кандидаттардың барлығына бірдей құқықпен осы қаулының 1 тармағында көрсетілген орындарда үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі Н. Әутәліпов
      КЕЛІСІЛДІ
      Успен аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы М. Евтеев
      2010 жыл 22 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады