2010 жылға Ақжар ауданының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 122 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде N 13-4-102 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 135 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011.05.20 N 135 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. «Ақжар ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ақжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 201 қаулысының күші жойылды деп танылсын ( 2009 жылғы 28 шілдедегі № 13-4-88 мемлекеттік тізілімде тіркелуде, 2009 жылғы 29 тамыздағы № 35 «Дала дидары» газетте жарияланды).
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады