Ақжар ауданының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы N 135 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 маусымда N 13-4-123 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 04.04.2013 N 118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжар ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. «2010 жылға Ақжар ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Ақжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысының (2010 жылғы 30 сәуірде № 13-4-102 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелді, 2010 жылғы 1 мамырда № 19 «Дала дидары» және № 19 «Акжар-хабар» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бұқаралық ақпараттық құралдар баспасөзінде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады