2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 393 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 14-3-106 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 01-3-1-5037/1783 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2012.08.14 N 01-3-1-5037/1783 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р.Қожабекова) бекітілген тізбеге сәйкес 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы заңда көрсетілген жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н.Қалмұрзаев

Кентау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 393 қаулысымен бекітілген

      2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылатындардың саны (адам)

1

Хантағы ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

35

2

Байылдыр ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

20

3

Қарнақ ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

45

4

Ащысай ауыл әкімі аппараты

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

25

5

Қалалық білім беру бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. «Жазғы демалыс», ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыру.

15

6

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы

Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді экологиялық сауықтыру, көріктендіру.

15

7

Ішкі істер бөлімі

Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босанып келген азаматтармен жұмыстар жүргізу, әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

25

8

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаштар отырғызу. Аймақтық экологиялық сауықтыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.

355

9

Ішкі саясат бөлімі

Жастармен жұмыс жүргізу, әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

10

10

Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мүгедектер және ардагерлер қоғамымен бірлесе жұмыс жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

15



Барлығы:

560

      Ескертпе: Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2011 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбек ақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақысының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстемақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады