Отырар ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету туралы Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы мәслихатының 2010 жылғы 28 маусымдағы N 32/199-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 тамызда N 14-9-117 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 маусымдағы № 4/31-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012.06.07 № 4/31-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Отырар ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету туралы Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Отырар ауданында үй жануарларын ұстау қағидасы туралы» Отырар аудандық мәслихатының 24.12.2007 № 5/33-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-9-51 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 01.03.2008 № 22 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Б.Байтұрсын
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай      

      Отырар аудандық мәслихатының
      2010 жылғы 28 маусымдағы № 32/199-IV
      шешімімен бекітілген

      Отырар ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету туралы Қағидасы

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Отырар ауданының аумағында орындалуға міндетті.

2. Жануарларды ұстау ережелері

      2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
      2) жануарларды жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      4) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      5) мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, тұған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      6) бірнеше жануарлар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      3. Елді мекендерде мал жаятын арнайы бекітілген аймақта жануарлар егелерімен немесе бақташысының қарауымен мал жаюды жүргізу қажет.      

      3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау ережелері

      4. Иттер мен мысықтарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау керек.
      5. Көпқабатты үйлердің қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәліздерде), балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға тыйым салынады.
      6. Жеке үйлерде иттерді ұстау олардың қашып кетпеуін және екеүйдің шекарасында ұстауды қажет. Үй ауласына кіреберісінде, дарбазада ит бар екендігі туралы белгі болуы тиіс.
      7. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.
      8. Иттер мен мысықтар жеке ветеринариялық паспорттар беру жолымен бірдейлендіріледі.

      4. Иттер мен мысықтарды серуендету ережелері 

      9. Иттерді аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендету болмайды.
      10. Иттерді арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде серуендету қажет, егер осындай жерлер болмаса, оларды құла далада жүзеге асырады.
      11. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда иттерді қысқа баумен және тұмсық торымен шығару қажет.
      12. Иттерді түнгі уақытта қыдыртқан кезде олардың иелері тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етеді.
      Осы Қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады