2010 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 08 ақпанда № 5-1-133 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды ( Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі № Ин-6/180 хаты)

     Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.04.05 № Ин-6/180 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Александр Протозанов атындағы көшесі, 37 мекенжайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
      2. «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) есепке тіркеуге шақыру учаскесін дайындау ұсынылсын.
      3. «Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады