"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 19-191-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 01 қарашадағы N 23-259-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 09 желтоқсанда N 5-18-106 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 19-191-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-18-97, «Уақыт тынысы» газетінің 2010 жылдың 05 маусымында № 28 санында жарияланған) шешімімен бекітілген Ереженің 1 қосымшасына төменгідей өзгерістер енгізілсін:
      5 тармағының:
      5) тармақшасындағы «емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда»;
      7) тармақшасындағы «құқық қорғау органдарынан анықтама ұсынған жағдайда».
      16 тармағының:
      1) тармақшасындағы «сот орындаушысынан алған анықтама негізінде» және «іздеу жөніндегі анықтама ұсынған жағдайда»;
      2) тармақшасындағы «анықтама ұсынылғанда»;
      3) тармақшасындағы «анықтамасы ұсынылғанда» деген сөйлемдер алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Ж. Жұмақұлов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады