Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда N 5-19-119 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "ережесін", "ережесі", "ережеде" деген сөздер тиісінше "қағидасын", "қағидасы", "қағидада" деген сөздермен ауыстырылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Геберт
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 28/5–ІV шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй–жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай–ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха ауданы мәслихатының 09.04.2012 № 3/6-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Абзац 01.01.2014 дейін қолданыста болады (21.12.2012 N 8/6-V шешімінің 2-т. қараңыз).
      жекешелендірілген үй–жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха ауданы мәслихатының 21.12.2012 № 8/6-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін тұтыну төлемдеріне арналған ұйғарынды шығындардың шекті үлесі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
      6. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органымен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерін, олардың өзгерістерін уәкілетті органына ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалардың шегінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың азаюы есепке алынады.

2. Тұрғын үй көмегін беру

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетіледі" (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына немесе электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 24/5-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқығы жоқ:
      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй – жайын жалға (жалдауға) берген;
      жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелмеген тұлғалары бар, соның ішінде мыналардан басқа:
      І, ІІ топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, 80 жастан асқандарды күтетін тұлғалар;
      3 жасқа дейінгі баланы күтетін, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелейтін аналар;
      мүгедектік топтары жоқ туберкулез, онкологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған тұлғалар;
      өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмеген (көрсетпеген) және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген жағдайда;
      егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермеген жағдайда.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.12.2010 № 34/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға бірінші рет өтініш берген және өтініш берген уақытта коммуналдық қызмет көрсетуге төлем бойынша қарыздары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша қарыздарына қарамастан тағайындалады.
      11. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстарды ескерумен тұрғын үй көмегін алу құқығы орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылғаннан кейін алты ай ішінде сақталады.
      12. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек – балалар, тұл жетімдер, қамқорлықтағылар, 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептеу кезінде олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
      13. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту маусымында жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасы мен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне баламды есептеледі.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу кезінде мынадай шектеулер есепке алынады:
      өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген жағдайда, ерлі-зайыптылардың екеулерінің де табыстары есепке алынады және тұрғын үй көмегі туралы өтініш беруші зайыбының мекен - жайы бойынша тағайындалады;
      өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, оның ата-анасы басқа мекен-жайда тіркелсе, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы ұсынады;
      өтініш беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын және жалғыз тұратын болса, өтініш беруші ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алғаны туралы анықтаманы ұсынады.
      15. Тапсырылған құжаттар қаралғаннан кейін отбасының мәліметтері мен коммуналдық төлемдері көрсетілетін шарт-өтініш жасалады. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлғаның және уәкілетті органы өкілінің қолдары қойылады.
      16. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
      17. Электрмен, газбен, жылумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, сумен жабдықтау, тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметін пайдаланғаны үшін шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның түбіртектері, газға берген анықтамалары бойынша тоқсанның орта есебі бойынша есептеледі.
      Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде анықталады.
      18. Тұрғын үй көмегі өтінішпен бірге барлық қажетті құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы тіркеуді белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтініш берушінің науқастануына, басқа жаққа емделуге курортқа, шипажайға кетуіне, туыстарының қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса құжаттарды ұсынған жағдайда).
      19. Қайталанған өтініш берген кезде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзіміне қарамастан тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі өтініш берген айынан бастап есептеледі.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметін өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, сондай-ақ мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттандыруы қажет.
      21. Алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.12.2010 № 34/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      22. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П = ТҮТЕЖӘТ – (t x д),
      П – тұрғын үй көмегінің мөлшері,
      ТҮТЕЖӘТ – тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
      t – тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (=10 %),
      д – отбасының жиынтық табысы.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 09.04.2012 № 3/6-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2012 № 8/6-V (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 дейін қолданыста болады); 27.03.2014 № 19/6-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері

      23. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
      1) аудандар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін - 30 шаршы метр;
      үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 45 шаршы метр;
      төрт адамнан тұратын отбасылар үшін – 60 шаршы метр;
      бес немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін – 75 шаршы метр;
      2) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге шығындар - 1 шаршы метрге 19,9 теңге;
      3) Бір адамға айына газ нормасының шығыны – 5,5 кг;
      4) Электр қуатын пайдалану нормасы:
      бір адам тұрса – 72 кВт;
      екі адам тұрса (әр біреуіне) – 57 кВт;
      үш және одан да көп адам тұрса (әр біреуіне) – 50 кВт.
      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге су, жылу, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      Ескерту. 5-бөлімі алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 12.07.2012 № 4/8-V (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

6. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй–жайларда тұратындарға тұрғын үй көмегін ұсыну

      33. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй–жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет беріледі.
      34. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 500 кг мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      35. Көмір құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      36. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі. Отынды сатып алу туралы түбіртек болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі мамандармен өтініш және акт жасалады.
      37. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы (көмірдің бағасы) өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      38. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.
      39. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасы алынған көмірдің салмағын және ағымдағы жылдың қай уақытында алынса да бағасы көрсетілген түбіртек (анықтама) ұсынуы тиіс.

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      40. Тұрғын үй көмегі ауданның бюджет қаражаттары есебінен беріледі.
      41. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктер арқылы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

  Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 28/5-ІV шешіміне қосымша

Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы "Уба-Информ" газетінің № 10 санында жарияланған).
      2. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы "Уба-Информ" газетінің № 21 санында жарияланған).
      3. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі "Уба-Информ" газетінің № 28 санында жарияланған).
      4. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған).
      5. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі № 20/6–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-102 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған).
      6. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 23 қазандағы № 21/7-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-105 тіркелген, "Уба – Информ" газетінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 46 санында жарияланған).
      7. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/3–ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-113 тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 8 санында жарияланған).

Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2010 года N 28/5-IV. Зарегистрировано Управлением юстиции Шемонаихинского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 17 мая 2010 года за N 5-19-119. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30 января 2015 года N 25/2-V

       Сноска. Утратило силу - решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 30.01.2015 N 25/2-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года № 148-II, статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года № 94, постановлением Правительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 30 декабря 2009 года № 2314 Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи.
      2. Признать утратившими силу некоторые решения Шемонаихинского районного маслихата согласно приложению.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Геберт
      Секретарь Шемонаихинского
      районного маслихата А. Баяндинов

  Утверждены решением
Шемонаихинского районного
маслихата
от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV

Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила о размере и порядке оказания жилищной помощи разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".
      2. В Правилах используются следующие основные понятия:
      доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      совокупный доход семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      уполномоченный орган – исполнительный орган, финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;
      расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи.
      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата от 09.04.2012 № 3/6-V (вводится в действие через 10 дней после опубликования).
      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности, на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      Примечание РЦПИ!
      Абзац действует до 01.01.2014 (см. п. 2 решения от 21.12.2012 № 8/6-V).
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата от 21.12.2012 № 8/6-V (порядок введения в действие см. п. 2).
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата от 27.03.2014 № 19/6-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 %.
      6. Поставщики коммунальных услуг представляют в уполномоченный орган тарифы на коммунальные услуги, их изменения, согласованные с уполномоченным органом по регулированию естественных монополий и защите конкуренции. При расчете жилищной помощи учитываются потери тепла, предъявляемые услугодателями, в пределах социальных норм площади жилья.

2. Предоставление жилищной помощи

      7. Государственная услуга по назначению жилищной помощи оказывается отделом занятости и социальных программ Шемонаихинского района" (далее-уполномоченный орган).
      Для назначения жилищной помощи семья (гражданин, либо его представитель по доверенности) ежеквартально обращается в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр обслуживания населения" Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - ЦОН) или веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее-портал) с заявлением и представляет перечень документов согласно пункту 9 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года 185 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства".
      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.12.2014 № 24/5-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Не имеют права на получение жилищной помощи семьи:
      имеющие на праве собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду);
      имеющие в составе трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе по вопросам занятости, за исключением:
      лиц, осуществляющих уход за инвалидами I, II группы, уход за детьми-инвалидами в возрасте до 18 лет, лицами старше 80 лет;
      матерей, занятых воспитанием ребенка в возрасте до 3 лет, а также занятых воспитанием 4 и более детей до 18 лет;
      лиц, состоящих на учете в туберкулезном, онкологическом диспансерах, не имеющих группы инвалидности;
      имеющие в составе лиц, состоящих в законном браке, которые не знают (не указывают) местонахождение супруга и не обращались по этому вопросу в правоохранительные органы;
      если родители разведены и не подали иск о взыскании алиментов на проживающих с ними детей.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными решением Шемонаихинского районного маслихата от 29.12.2010 № 34/8-IV (вводится в действие через 10 дней после опубликования).
      9. Семьи, в которых безработные члены семьи без уважительных причин отказавшиеся от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучение или переобучение, теряют право на получение жилищной помощи на шесть месяцев.
      10. Семьям, впервые обратившимся за жилищной помощью и имеющим задолженность по оплате за коммунальные услуги на момент обращения, жилищная помощь назначается независимо от долга по тарифам услугодателей.
      11. Право на жилищную помощь с учетом затрат на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума сохраняется в течение шести месяцев после подписания акта выполненных работ.
      12. С целью поддержки семей, в состав которых входят пенсионеры, инвалиды, дети-инвалиды, круглые сироты, опекаемые, 4 и более несовершеннолетних детей, при расчете жилищной помощи доход корректируется (вычитается) на два расчетных месячных показателя, установленного на соответствующий период времени законодательным актом Республики Казахстан.
      13. Жилищная помощь назначается владельцам квартир в домах, где в отопительный сезон не подключено централизованное отопление и горячее водоснабжение и обогрев квартир осуществляется с помощью автономных обогревательных приборов. При этом сумму оплаты за электроэнергию считать эквивалентной сумме оплаты за отопление и горячую воду согласно норм площади жилья и тарифов услугодателей.
      14. Семьям, претендующим на назначение жилищной помощи, при начислении в расчет принимаются следующие ограничения:
      заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу - учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;
      у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого прописаны в другом месте - ходатайствующий должен представить также справку о доходах родителей ребенка;
      заявитель живет один и учится на дневном отделении учебного заведения - ходатайствующий должен представить также справку о доходах родителей и о получении ими жилищной помощи.
      15. По результатам рассмотрения представленных документов составляется договор-заявление на семью, куда вносятся данные семьи и коммунальные платежи. Договор-заявление подписывается представителем семьи или лицом, выступающим от имени семьи, и представителем уполномоченного органа.
      16. Основанием для предоставления жилищной помощи является решение уполномоченного органа.
      17. Расходы по электроснабжению, газоснабжению, канализации, теплоснабжению, мусороудалению, водоснабжению и эксплуатации жилья и услугам связи берутся в расчет по квитанциям, справкам на газ, средние за квартал, предшествующий кварталу обращения.
      Размер компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам определяется как разница между действующей абонентской платой и абонентской платой, действующей в сентябре 2004 года.
      18. Жилищная помощь назначается с месяца, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами для назначения этой помощи, кроме лиц, не прошедших очередную квартальную регистрацию по уважительной причине (болезнью обратившегося, срочный отъезд за пределы населенного пункта в связи с лечением на курорте, санатории, смертью родственников – при предоставлении документа).
      19. При повторном обращении жилищная помощь назначается за квартал независимо от времени представления документов в текущем квартале. В случае, если документы в текущем квартале не предоставлены, начисление жилищной помощи осуществляется с месяца обращения.
      20. Получателям жилищной помощи необходимо в течение 10 дней информировать службы жилищной помощи о любых изменениях формы собственности своего жилья, в составе семьи и ее совокупного дохода, а также статуса.
      21. Исключен решением Шемонаихинского районного маслихата от 29.12.2010 № 34/8-IV (вводится в действие через 10 дней после опубликования).

3. Размер жилищной помощи

      22. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Формула для определения размера жилищной помощи:
      П = МСПЖ – ( t х д),
      где П – размер жилищной помощи,
      МСПЖ – максимальная социальная плата за жилье,
      t – норматив расхода на оплату жилья (= 10%),
      д – совокупный доход семьи.
      Сноска. Пункт 22 с изменениями, внесенными решениями Шемонаихинского районного маслихата от 09.04.2012 № 3/6-V (вводится в действие через 10 дней после опубликования); от 21.12.2012 № 8/6-V (вводится в действие с 01.07.2012 и действует до 01.01.2014); от 27.03.2014 № 19/6-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Нормативы содержания жилища и потребления коммунальных услуг

      23. При расчете размера жилищной помощи учитываются следующие нормы:
      1) площади:
      для одиноко проживающих граждан – 30 кв. м;
      для семьи из 2-х человек – 30 кв. м;
      для семьи из 3-х человек – 45 кв. м;
      для семьи из 4-х человек - 60 кв. м;
      для семьи из 5 и более человек - 75 кв. м;
      2) расходы на содержание жилья – 19,9 тенге за 1 кв. м;
      3) расход газа на человека в месяц – 5,5 кг;
      4) потребления электроэнергии:
      при проживании одного человека – 72 кВт;
      при проживании двух человек (на каждого) – 57 кВт;
      при проживании трех и более человек (на каждого) - 50 кВт.
      Нормативы потребления и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, мусороудалению, расходов на содержание жилья предоставляются услугодателями.

5. Исчисление совокупного дохода граждан (семьи), претендующих на получение жилищной помощи

      Сноска. Раздел 5 исключен решением Шемонаихинского районного маслихата от 12.07.2012 № 4/8-V (вводится в действие через 10 дней после опубликования).

6. Предоставление жилищной помощи, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением

      33. Жилищная помощь малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в частном домостроении с местным отоплением, предоставляется один раз в год.
      34. Для расчета жилищной помощи семьям, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением, учитывать социальную норму расхода угля на 1 м2 общей площади жилого домостроения 129,8 кг, но не более 5000 кг на дом.
      35. Для расчета стоимости угля использовать средние цены по городу, району, предоставляемые департаментом координации занятости и социальных программ по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (декабрь, март, июнь, сентябрь).
      36. Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления частного домостроения, при расчете жилищной помощи считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля. При отсутствии квитанции о покупке топлива составляется заявление и акт специалистами по назначению жилищной помощи.
      37. В связи с сезонностью закупки угля, всю социальную норму расхода угля на жилой дом (стоимость угля) при начислении жилищной помощи учитывать единовременно за три месяца в квартал обращения.
      38. При начислении жилищной помощи средний доход семьи, проживающей в частном домостроении, рассчитывать за квартал, предшествующий кварталу обращения.
      39. При начислении жилищной помощи семья представляет квитанцию (справку) на приобретение угля с указанием количества приобретенного угля и цены независимо от времени приобретения угля в течение года с момента получения жилищной помощи.

7. Финансирование и выплата жилищной помощи

      40. Жилищная помощь оказывается за счет средств бюджета района.
      41. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем зачисления на счета получателей.

  Приложение к решению
Шемонаихинского районного
маслихата
от 16 апреля 2010 года № 28/5-IV

Перечень утративших силу некоторых решений Шемонаихинского районного маслихата

      1. Решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Правил по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-71, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 7 марта 2008 года № 10).
      2. Решение от 15 апреля 2008 года № 8/4-IV "О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-76, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 23 мая 2008 года № 21).
      3. Решение от 19 июня 2008 года № 9/4-IV "О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-77, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 10 июля 2008 года № 28).
      4. Решение от 11 июля 2008 года № 10/3-IV "О внесении изменения в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-79, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 1 августа 2008 года № 31).
      5. Решение от 24 июля 2009 года № 20/6-IV "О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-102, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 28 августа 2009 года № 35).
      6. Решение от 23 октября 2009 года № 21/7-IV "О внесении изменений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-105, опубликовано в газете "Уба-Информ" от 13 ноября 2009 года № 46).
      7. Решение от 25 декабря 2009 года № 23/3-IV "О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5-19-113, опубликовано в газете "ЛЗ Сегодня" от 12 февраля 2010 года № 8).