Сандықтау ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № А-5/128 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 маусымда № 1-16-128 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-14/421 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 11.04.2013 № 04-14/421 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 334 ұсынымына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысының күші 2011 жылдың 20 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ А-5/128 қаулысына қосымша

Сандықтау ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне
қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері

№ р/б

Дақылдардың атауы

Өтінімді беру мерзімдері

Егу мерзімдері

1

орташа-кеш жаздық бидай

3 мамырдан 26 мамырға дейін

10 мамырдан 26 мамырға дейін

2

орташа піскен жаздық бидай

3 мамырдан 28 мамырға дейін

12 мамырдан 28 мамырға дейін

3

орташа-ерте жаздық бидай

3 мамырдан 30 мамырға дейін

15 мамырдан 30 мамырға дейін

4

жаздық арпа мен сұлы

3 мамырдан 5 маусымға дейін

5 маусымға дейін

5

қарақұмық

3 мамырдан 4 маусымға дейін

25 мамырдан 4 маусымға дейін

6

бұршақ

3 мамырдан 26 мамырға дейін

10 мамырдан 26 мамырға дейін

7

ноқат

3 мамырдан 15 мамырға дейін

8 мамырдан 15 мамырға дейін

8

рапс

3 мамырдан 25 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

9

күнбағыс

3 мамырдан 18 мамырға дейін

8 мамырдан 18 мамырға дейін

10

сүрлемге арналған жүгері

3 мамырдан 25 мамырға дейін

17 мамырдан 25 мамырға дейін

11

майлы зығыр

3 мамырдан 25 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

12

бір жылдық шөптер

3 мамырдан 10 маусымға дейін

10 маусымға дейін

13

көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің ерте көктемгі егісі

20 сәуірден 30 сәуірге дейін

20 сәуірден 30 сәуірге дейін

14

көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің көктемгі егісі

3 мамырдан 10 мамырға дейін

1 мамырдан 10 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады