Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қолдау көрсету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 190 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қарашада № 3-4-129 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 05-11/235 хатымен).

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 25.04.2012 № 05-11/235 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Сессия төрағасы

З.Тәжімұратова

Мәслихат хатшысы

Б.Турлыбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады