Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 229 шешімі және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қазанда № 3-7-130 тіркелді

     Ескерту. Бірлескен шешімінің және қаулысының атауы жаңа редакцияда - бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 174 шешімімен және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 23.12.2014 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қобда ауданының Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасы (шегі) өзгертілсін және белгіленсін.
     Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 174 шешімімен және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 23.12.2014 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі
      Аудандық мәслихаттың хатшысы
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы

А. ЖҮСІБАЛИЕВ
Л. ИСМАҒАМБЕТОВА
 
Ә. ҚОРҒАНБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады