И. Құрманов атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 3-7-119 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 30.12.2014 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелеріне өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 03.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және И.Құрманов атындағы ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 03.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бегалы ауылының көшелеріне осы шешімге қоса тіркелген сызба картаға сәйкес төмендегі атаулар берілсін:

      1) Ынтымақ көшесі;

      2) Исламғали Құрманов көшесі;

      3) Төле би көшесі;

      4) Абай Құнанбаев көшесі;

      5) Әлия Молдағұлова көшесі.

      2. Егіндібұлақ ауылының көшелеріне осы шешімге қоса тіркелген сызба картаға сәйкес төмендегі атаулар берілсін:

      1) Тәуелсіздік көшесі

      2) Астана көшесі

      3. Бегалы ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:

      1) Қызыл әскер көшесі – Бейбітшілік көшесі;

      2) Мира көшесі – Жеңіс көшесі;

      3) Комсомол көшесі – Әйтеке би көшесі;

      4) Щербак көшесі – Достық көшесі.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Қ.Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады