Аудандық мәслихаттың 2011 жылдың 27 сәуіріндегі № 239 "Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларының 2011 жылға арналған мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 248 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 тамызда № 3-12-137 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.04.26 № 30 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2011 жылдың 27 сәуіріндегі № 239 «Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларының 2011 жылға арналған мөлшерін белгілеу туралы» /нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 17 мамырында № 3-12-135 санымен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2011 жылдың 9 маусымындағы № 31-32 сандарында жарияланған/ шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит».
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат               Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                    хатшысы

          С.Жаназаров                       Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады