"Тараз қаласы аймағын көріктендіру ережелерін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 30-8 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 45-6 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда 140 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 10-14 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 10-14 шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Тараз қаласы аймағын көріктендіру ережелерін бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 30-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-107 болып тіркелген, 2010 жылдың 21 шілдесінде № 29 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген Тараз қаласы аймағын көріктендіру ережелерi, мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
      «9-1. Қаланың аумағында:
      1) көшенің жүру және жүргінші жолдарын, кұрылыстан тыс аймақтарды, жасыл желекті аймақтарды және басқа да көпшілік орындарын қоқыстың кез келген түрімен (қағазбен, бөтелкелермен, шылым ұштығымен), тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      2) жарнамаларды, афишаларды, хабарламаларды, жарнамалық плакаттарды, үндеу хаттарды және сол сияқтыларды белгіленбеген жерлерде орналастыруға рұқсат етілмейді.».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының коммуналдық шаруашылық, көркейту, тұрғындарға қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясына (К.Ш.Болысбаев) жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.


      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Г. Нұрымова                                Ө. Байшығашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады