"2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі N 296 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 тамызда № 6-10-120 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5 тармағына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 541 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-116 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарында № 13-14 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      21. «Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      22. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      23. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      24. «Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;
      25. «Талас ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.


      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Ғ.Қартабаев
 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты»
мемлекеттік мекемесінің директоры
С.Досымбеков
26 шілде 2011 жыл


Талас ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 296 қаулысына қосымша
 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері

1.

Көркем безендіру және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.

Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру-150 километр. Қоқыстан тазарту жұмыстары-33 000 куб метр, гүл және тал ағаштарын отырғызу – 4 000 түп.

77

77

18 110 теңге

жергілікті бюджет

2.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 112 000 құжат

3

3

18 110 теңге

жергілікті бюджет

3.

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.

Мекемелердегі құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету – 17 900 құжат

7

7

18 110 теңге

жергілікті бюджет

Барлығы:

87

87



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады